Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Тәжік Таулы Бадахшанды берді. Қытайдың қармағына ілінген қырғыз енді не істемек?

234

Мәселен, 2007 жылы Қырғыз Республикасының Қытай алдындағы қарызы 8,5 млн долларды құраған еді. Ал 2014 жылы Қырғызстанның Қытай алдындағы міндеттемелері миллиардтық көрсеткіштерге жетіп, 1,115 млн долларды құраған.

Дос болсаң да, өз қамыңды ойла

Экономист Қубат Рахимов

Қырғызстан мемлекеттік қарызды бақылаусыз өсіре бермей, оның орнына, өзін өзі ақтайтын жобаларға инвестициялар тартуы керек деген пікірде.

https://kaz.365info.kz/zhienbekov-zhendi-ozi-akelgen-adammen-alyskhan-atambaev-endi-ne-istejdi-312694

«Менің ойымша, Қытай шетелдерде өзінің экономикалық мүдделерін ілгерілету саясатын өте табысты жүзеге асырып отыр. Атап айтарлығы, оның ұмтылыстарының ауқымы өте кең.

Оның масштабы қаншалықты кең екені түсінікті болу үшін бір ғана мысал келтірейін: қытайлар 2013 жылдан бері Украинада 3 млн гектарға жуық жерді игеріп отыр. Бұл бүкіл Қырғызстандағы ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерден 2,5 есе көп», — дейді экономист.

Қубат Рахимов

Қытай – Қырғызстанның көршісі, әлбетте, көршімен тату-тәтті болған жөн. Бірақ ұлттық мүдделерді де ұмытпаған жөн деген сенімде Рахимов.

«Қытай бизнесі елімізге қандай шарттармен кіріп жатыр? Институционалдық орта болған жағдайда, компаниялар ешқандай мемлекеттік немесе басқа кепілдемелерді талап етпей, келе береді, былайша айтқан жалпы тәртіппен, ортақ негізде.

Екінші жол – мемлекттік кепілдікпен алынған несиелер. Тұрақты экономикаға ие мемлекеттер өз қауіпсіздігіне нұқсан келтірмей, несиелер ала алады.

Мысалы Ресейді алайық, қазір оның сыртқы қарызы бұрынғы Үлкен Сегіздік (G8) елдерінің арасында ең төменгі деңгейде.

Әлемде несиені ең көп алған елдер қатарында – АҚШ, Жапония және Қытай, олардың сыртқы қарызы елдің Жалпы Ішкі Өнімінен (ЖІӨ) бірнеше есе көп»,

— дейді жағдайды баяндаған сарапшы.

Дұрыс па, бұрыс па?

Рахимовтың пікірінше, Қырғызстан шынымен қарызға белшесінен батты. Бірақ мұның дұрыс, не бұрыс екенін кесіп айту қиын.

«Қазіргі біздің China Exim Bank алдындағы міндеттемелеріміз 1, 711 млн долларды құрайды. Сөйтіп, ҚХР Қырғызстанның аса ірі несие берушісіне айналды. Бір жағынан бұл жақсы болса, екінші жағынан қуанарлық жайт та емес.

https://kaz.365info.kz/khajdan-gana-akeldim-ozim-degen-zhienbekov-atambaevtyn-byryshkha-tykhty-311024

Жақсы дейтініміз,

Қырғызстан әйтеуір халықаралық донорларды, шартты түрде алынған «ұжымдасқан Батысты», оның барлық қаржы институттарымен бірге бір сілкіп алды.

Өйткені олар осы уақыт ішінде Қырғызстан тарапынан қаржыландыруға ұсынылған жобаларды ұзақ қарап, уақыт созып, міндетсінгендей болған», — дейді сөзін жалғастырған сарапшы.

Батыстың осындай міндетсінуін қытайлықтар тиімді пайдалана қойды, дейді Қубат Рахимов. Атап айтарлығы, дейді экономист,

ресми тұрғыдан алғанда, қытайлық тарап жеңілдетілген шартпен несие берді.

Бұл несиелер даму институтарының халықаралық ережелерінен ерекшеленеді, өйткені оларды төлеу, яғни қайтару мерзімі ұзақ уақытқа созылған, төлемдер бойынша үзілістер жасауға да болады, сондай-ақ жылдық үстемелер бойынша да жеңілдіктер қарастырылған (0,5%-дан 3%-ға дейін).

Сонымен қатар, экономист келесі маңызды жайтқа назар аударып отыр, мәселен, ҚХР-дың Эксимбанкі бір жобаға бөлетін несиенің шекті мөлшері 2,5 млрд юанді құрайды, бұл бұл Батыстың қаржы ұйымдары тарапынан бөлінетін сомадан көп.

«Сөйтіп,

Қытай шарттардың икемділігі және біздің басшылардың жеңіл келетін несиелік қаржыға деген ашкөздігі есебінен Батыстың алдын орап кетті.

Атап айтарлығы, бұл несиелер тек міндетті түрде қытайлық мердігерлер мен қытайлық технологияларды пайдалану шартымен беріліп отыр», — дейді Рахимов.

Бізді «тосынсыйлар» күтіп тұр

Экономист Бішкектегі Жылыту орталығын (ТЭЦ) қайта құрылымдауға Қытай тарапынан берілген бесие бойынша қызығушылық тудыратын дәйектер келтірді. Айтуынша, басында Энергетика және өнеркәсіп министрлігі тарапынан жасалған бағалауға сәйкес, жобаның құны 150 млн долларды құраған болатын.

Алайда, ақыр соңында ол 386 млн долларды құрады, оның 30 млн – бөлінген «грант» болатын.

Шындап келгенде, жылу орталығын құрылымдауды осы сомаға сыйдырды.

https://kaz.365info.kz/ne-bop-khaldy-khyrsykh-khyrgyz-atambaev-sayasatkha-khajta-oraldy-308952

«Бұл, менің ойымша, бір жобаға бөлінетін қаржының шекті мөлшері болу керек. Тағы бір назар аударатын жәйт, бұл несиені беру мерзімі адам таң қалатын кездейсоқтықпен «Датқа-Кемин» (389 млн доллар) қосалқы станциясына берілген қарызбен қатар келді.

Болашақта осы жобалар төңірегінде талай “қызықты жәйттердің” беті ашылатынына сенімдімін.

Мүлдем бөлек екі жоба құнының бірдей болуы мүмкін емес екені айтпаса да түсінікті. Осы орайда, бұл екі жобаның құнын Эксимбанка тарапынан берілетін несиенің шекті мөлшеріне о бастан-ақ лайықтаған деп болжауға әбден болады», — деген пікірде Рахимов.

Қытай несиелерін берудегі жемқорлық былықтар, Рахимовтың айтуынша, ҚХР-дан келген инвесторлардың абыройын айрандай төгуі әбден мүмкін.

Біреуге ор қазба

«Мен қытайлықтарды өздері жұмыс істейтін елдердегі ашкөз шенді-шекпенділерді пайдаланғаны үшін айыптаудан аулақпын. Бірақ басқа тұрғыдан алсақ, қытайлықтар өздеріне өзі ор қазып жатыр.

Үлкен жобаларға кіру кезінде абыройынан айырылған олардың ұтқанынан ұтылғаны көп болады.

Өкінішке қарай, қырғызстандық қытайтанушылар арасында мұндай саясаттың соңы жақсылыққа ұласпайтынын түсіндіре алатын сарапшылар табылмаған сыңайлы.

Нәтижесінде, шектен тыс саясиланған Қырғызстанда несиенің Қытай тарапынан берілуі және қайта құрылымдауды қытайлықтар жүзеге асыруы салдарынан, қытайлықтар туралы жағымсыз пікір қалыптасуға түркі болды», — дейді экономист.

https://kaz.365info.kz/khytaj-khazakh-sayasattanushylaryn-satyp-ala-bastapty-degen-khaueset-ras-pa-303068

Қытайдың несие саясатындағы осындай олқылықтары Қырғызстанда қытай фобиясы деңгейінің өсуіне себеп болды, сөйтіп, этникалық қытайлықтардан бастап, Қытай тарапынан қаржыландырылатын кез келген жобағаға деген өшпенділік қалыптаса бастады. Сондықтан

Бүгінгі таңда ҚХР-ге қауіпі жоғары инвестиция құйғанша, мемлекет тарапынан кепілдендірілген несие берген жеңіл әрі тиімді.

«Соңғы уақытта капиталдандырылуы 1 млрд доллардан асатын Қырғыз-Қытай даму қорын құру үміті пайда болды. Жалпы ахуалды ескерсек, ол мемлекет пен жекеменшік әріптестік негізінде әрекет ететін сыңайлы.

Осы орайда, қытайлықтар Жиенбековке ол бас тарта алмайтын ұсыныс жасайды деген болжам жасауға толық негіз бар. Дегенмен оларға төгілген абыройды қайта қалпына келтіру үшін біраз шығындалуға тура келетін сияқты», — деп, есептейді Рахимов.

Экономистің пікірі бойынша, қырғызстандық қоғам «қытай мәселесіне» деген көзқарасын тез өзгерте алады. Бұл үшін олар бірнеше инвестициялық жобаны жемісті жүзеге асырса жетіп жатыр.

«Атап айтамын, инвестициялық жобаларды. Өйткені көп ретте қырғызстандық саясаткерлер біз Қытай инвестицияларын алдық деп, мәлімдегенде, олардың ешқандай инвестиция емес, несие алғаны белгілі болып жатады», — дейді сарапшы.

https://kaz.365info.kz/inin-emespin-atyshuly-atambaev-tagy-ne-byldirmek-305716

Несие емес, тек инвестиция!

Ал Қырғызстанның Қытайға деген несиелік тәуелділігі мәселесіне келетін болсақ, Қубат Рахимовтың пікірі бойынша,

Қырғызстанға сыртқы қарыз туралы заң қажет,

Міне, сол заңда бір елдің алдындағы міндеттемелер елдің бүкіл сыртқы қарызының 25 процентінен аспауы керек деп, нақты жазылу керек.

Осы орайда, мемлекет тарапынан тартылған барлық қаржының төрттен және бестен бір бөліктері Қырғыз Республикасы халқынан, бизнесінен, қорларынан және банктерінен алынуы тиіс.

«Қайталап айтамын, қытайлық бизнестің Қырғызстанға кіруі тек инвестициялық кеңістікте ғана жүзеге асырылуға тиіс. Бұл Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржолының құрылысына да қатысты.

Егер қытайлық тарап жоба өзін өзін ақтайтынына сенімді болса, онда, мархабат, инвестор келсін, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік принципіне негізделген консорциум құрсын да жұмыс істесін.

Мұндай жағдайда жобаға халықаралық ұйымдар, оның ішінде, ЕАЭО елдерінен де, қосыла алады. Бірақ

егер жоба өзін өзі ақтамайтын болса, дені дұрыс инвестор мұндай жобаға көк тиын да құймайды»,

— деп, атап өтті экономист.

Бұл шарт, Қубат Рахимовтың айтуынша, толығымен ресейлік, батыстық және кез келген басқа инвестицияларға да қатысты.

Өйткені Қырғызстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру бағытында

«ел егемендігінің негізін қалауға» деген желеумен мемлекет кепілдігімен несие алғанша, таза еңбек еткен жөн»,

– дейді сөзін қорытындылаған сарапшы.

https://kaz.365info.kz/khytaj-khazakh-sayasattanushylaryn-satyp-ala-bastapty-degen-khaueset-ras-pa-303068

“Тұйықтан шығар жол” бар ма?

Тағы бір қырғызстандық экономист Нұргүл Акимова да Қырғыстанның мемлекттік қарызының өсуі республиканың Қытайға деген тәуелдігін одан сайын арттырады деген пікірде.

«Мемлекеттік қарызды өтеу мәселесіне келгенде, шынында, тәуелділік күшейеді деген қауіп бар. Өйткені бір елдің алдындағы сыртқы қарыз деңгейінің өте жоғары болуы борышкерді тәуелді ететіні айдан анық. Бұл жердегі мәселе, қарыз берушінің бұған қалай қарайтынында», — жағдайды түсіндірген экономист.

Нұргүл Акимова

Дегенмен, Акимова келесі жәйтқа назар аударып отыр, Қытай тарапынан Қырғыз Республикасына берілген барлық несиелер мен гранттар –

ең жоғарғы деңгейдегі келіссөздердің нәтижесі.

Сондықтан кезекті келісімге қол қоярдан бұрын, қырғызстандық билік «тұйықтан шығар жолдарды» да қарастырған шығар деген үмітте экономист.

Сондай-ақ Акимова келесі жәйтқа да назар аударыпты,

Қырғыз елі мен Қытай арасындағы сауда-саттық Қырғызстанның пайдасына дамып келеді.

«КР мен КХР арасындағы экспорт пен импорттың құндық ара қатынасында экспорт басымдыққа ие. Қырғызстанға импортталатын тауарлар Аспанасты еліне сатылатын заттардан 18 есе артық.

Ал ақша аудару мәселесіне келетін болсақ,

соңғы жылдарда ақшаның елден кетуі келуінен 3 есе артық болып отыр.

Экспорт-импорт операцияларының төлемдері мен ақша аударымдары арасындағы айырмашылық реэкспорттың болуы салдарынан орын алып отыр.

ҚХР мен ҚР арасындағы сауда-саттық құрылымында екі ел жүзеге асырып отырған сауда-саттық және экономикалық қызық саясат назар аудартады.

Егер баптар бойынша талдайтын болсақ, онда отандық экспортерлардың кен және азық-түлік түріндегі шикізатты көбірек сататыны байқалады. Ал Қытайдан құрал-жабдықтар, неорганикалық химия өнімдері, резина мен пластмассадан жасалған заттар түріндегі дайын тауарлар жеткізіледі. Импорт құрылымында жеміс-жидектер, мақта, киіз және ыдыс-аяқ сияқты тауарлар да  бар», — дейді Акимова.

https://kaz.365info.kz/resejge-khosylmasan-ali-khantogis-bolady-kreml-zhirinovskijdi-zhanasha-sojletti-313658

Қырғызстанның несиелік тәуелділікке ұшыраудан сақтануы үшін,  Акимова келісімдерді сақтандыру мәселесіне назар аударған жөн деген пікірде.

«Менің ойымша,

Қарыз портфелін хэдж құралдарын пайдалана отырып қалыптастырған жөн,

Өйткені ҚР жария қаржысы үнемі қауіп аймағында орналасады. Шын мәнінде, қаржыгерлер кез келген түсініксіз немесе өздеріне еш нәрсе тәуелді болмаған жағдайларда келісімдердің шарттарына аккредитивтік міндетемелерді енгізуге тырысады.

Өз басым, біздің жағдайда, яғни, міндемелердің өсуі алға түскен кезде бұл құралдарды пайдалану таптырмас амал деген пікірдемін», — дейді ойын қорытындылаған сарапшы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз