Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Тау-кен секторы кесірінен ел өнеркәсібі тоқырауда

190
фото: eadaily.com

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2020 жылдың қарашасында өндіріс көлемі 97,1% құрады. Мұндай үрдіс қатарынан 6 ай бойы сақталып келеді — соңғы рет тоқыраудың неғұрлым ұзақ кезеңі (7 ай) 2015 жылдың екінші жартыжылдығында болды.

Жекелеген өңірлер бойынша бөліп қарайтын болсақ, жағдай одан да нашар:

  • Қызылорда облысы өнеркәсіп өндірісінің өткен жылдың сәйкес айынан төмендегенін көрсетті. Бұл 2015 жылдың наурыз айынан бастап үздіксіз жалғасып келеді. 2020 жылғы қарашада өнеркәсіп өндірісінің индексі 82,8%-ды құрады.
  • Екі өңірде өндіріс одан да құлдырады: Атырау облысында 2019 жылдың қарашасына қарай ӨКИ 81,5%-ды, Түркістан облысында 80,4%-ды құрады. Бұл төмендеу 6 ай бойы жалғасып келеді.
  • Маңғыстау облысы — төмендеу сегізінші ай қатарынан жалғасуда. 2020 жылғы қарашаның деңгейі 2019 жылғы қарашадан — 94,1%.

Оң тұстары да бар, бірақ аз. Мысалы, Алматыда өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың ұқсас айымен салыстырғанда қатарынан 8 ай, Жамбыл облысында – 6 ай өсуде. Қарашадан бастап алғаш рет Нұр-Сұлтан, Шымкент және Шығыс Қазақстан облыстарында өсім байқалады.

Мұнай мен уран өндіретін жақтарда төмендеу байқалады

11 айдың қорытындысы бойынша ӨКИ 99,2% құрады. Бұл жыл қорытындысы бойынша өнеркәсіп көрсеткіштері минусқа кетуі мүмкін дегенді білдіреді. Төмендеу республиканың алты өңірінде байқалады:

  • Қызылорда (87,3%), Маңғыстау (92,6%) және Атырау (95%) облыстарында төмендеудің басты себебі мұнай өндірудің қысқаруы болып табылады.
  • Түркістан облысында — 97,9%, уран кенін өндіру төмендеуде.
  • Шығыс Қазақстан облысында (99,6%) мыс концентраттарын өндіру қысқарды, сондай-ақ табиғи уран, монеталар мен медальдар өндірісінің көлемі төмендеді.
  • Шымкентте (97,7%) керосин, дизель отыны мен мазут шығару көлемі төмендеді.

Жеті айдың қорытындысы бойынша ӨКИ-нің ең көп өсуі Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады – мұнда өндіріс 7%-ға артты.

Өңдеу өндірісі ғана өсіп жатыр

Өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштерін өндіруші өнеркәсіп төмен тартып отыр — дәл осы жерде өнім шығару көлемі өткен жылдың деңгейінен қатарынан 6 ай төмен болып отыр. Қарашаның көрсеткіші — 93,7%. 11 айда ӨКИ деңгейі 96,6% құрады. ОПЕК+ шарты мен әлемдік сұраныстың жалпы төмендеуіне байланысты республикада өндіріс төмендеді:

  • Көмір (2019 жылғы қаңтар-қараша деңгейінен 96,2%)
  • Мұнай (95,2%)
  • Газ (98,6%)
  • Металл кендері (99,9%)
  • Сондай-ақ тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсетілген қызметтер көлемі (95,6%)

Сегізінші ай қатарынан сумен жабдықтау, қоқыс шығару және қалдықтарды кәдеге жарату көлемі төмендейді – 11 айдың қорытындысы бойынша ӨКИ тек 96,7%-ды құрайды, бұған қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру, сондай-ақ сауда орталықтарының, кинотеатрлардың және т. б. жұмысындағы шектеулер айтарлықтай ықпал етті.

Дәл сол себепті төртінші айда электр, газ, бу, ыстық су және ауа баптау көлемі төмендеді. Жыл қорытындысы бойынша қысқару ондай көп болмаса да: ӨКИ 99,8%-ды құрады.

Осылайша, жағдай жақсарып келе жатқан өнеркәсіптің жалғыз бағыты — өңдеу. Қаңтар-қараша айының қорытындысы бойынша ӨКИ 103,3%-ды құрады, бұл ретте соңғы 4 айда көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда асып түсті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз