Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ташкенттік тарихшы «Алашордашылардың» бірі туралы тың дерек тапты

334

Тынышпаевтың таланты 1927 жылы Кеңес үкіметінің кәдесіне жарады. Ол кезде алып құрылыс – Түрксібтің — Түркістан-Сібір магистралі — темір жолын салу басталған еді. Аталмыш магистраль Сібірді және Орталық Азияны, Түркістанды қосу керек болатын. Бұл маңызды жоба болатын: жол Түркістаннан мақта мен бидайды тасымалдауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар, Орта Азиядағы Кеңес үкіметінің ықпалын күшейтуші еді. Мұхамеджан Тынышпаев бұл жобаға тәжірибелі инженер және жергілікті жердің ой-шұңқырын, ерекшеліктерін жақсы білетін адам ретінде тартылды. Кейін белгілі болғандай, бұл шешім дұрыс болыпты. Жолды салу жобасын дайындау кезінде Тынышпаев трассаның Шоқпар нұсқасын ұсынып, әріптестері мен басшылықты соны мақұлдауға көндірген. Нәтижесінде, бұл Түрксіб құрылысын бір жылға қысқартып, миллиондаған кеңес рублін үнемдеген.

 

549763_583218775024453_339370891_n-e1456133251814

ТүркСіб құрылысы

 

Соған қарамастан, 30-жылдардың соңына қарай НКВД органдары Мұхамеджан Тынышпаевты тұтқындап, Ташкент қаласына жөнелткен және ол жерден кетуге тыйым салған. Қазақстандық ғалымдар Тынышпаев 1937 жылы Ташкент түрмесінде атылды деп есептейді. Алайда Ташкент мемлекеттік университетінің тарих профессоры Шырынбек Оразбаев Мұхамеджан Тынышпаевтың атылмағанын, ауыр сырқат салдарынан қайтыс болғанын дәлелді. Оразбаев — Ташкенттегі ҰҚК мұрағатында болып, Мұхамеджан Тынышпаевтың ісіндегі материалдармен танысуға қол жеткізген бірден бір тарихшы.

«Тынышпаев, Нәзір Төреқұлов, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қойжанов — 20-ғасырдың басындағы Қазақстанның ірі қоғамдық саяси қайраткерлері. Олардың барлығы халық жауы ретінде қаза тапқан», — дейді Шырынбек Оразбаев. Алайда қазір белгілі болғандай, Тынышпаевтың тағдыры үзеңгілестерінен ерек болған екен.

444

Мұқамеджан Тынышпаев, Нәзір Төрақұлов, Тұрар Рысқұлов, Сұлтанбек Қойжанов

 

Профессордың куәләндіруінше, Тынышпаев алғаш рет 1928 жылы Кызылордада тұтқындалыпты. Ал 1936 жылы ол Ташкентке Воронежге жер аударылудан кейін оралыпты. Ташкентте инженердің бірінші некесінен туған қызы — Фатима тұратын. Оның үйі Файзулла Ходжаев атындағы көшенің бойында орналасқан болатын. Қазір ол Өзбекстан астанасының орталық көшелерінің бірі – Навои көшесі. Мұхамеджан Тынышпаев Ресейден ауыр сырқатқа шалдыққан күйде оралды, емделуге қаражат керек еді. Ол қызметке тұрғысы келіп, жұмыс іздейді. Ташкентте Тынышпаев сынды маманға сұраныс болған, бірақ оның өткенінен хабардар болған жұмыс берушілер одан ат-тонын алып қашатын.

«Мұхамеджан Тынышпаев ұзақ уақыт жұмыссыз жүрді. Оның мұрағаттағы жазбаларынан инженердің әйтеуір Ташкентегі темір жол басқармасына жұмысқа тұрғанын көруге болады. Бірақ кесімді еңбекақысы мардымсыз болғандықтан, ол отбасын асырауға және емделуге жетпеген», — дейді әңгімесін жалғастырған профессор Оразбаев.

Ал1937 жылғы 17-қарашада Мұхамеджан Тынышпаев қызының үйінде тұтқынға алынған. Бұл Тынышпаевтың өміріндегі үшінші және соңғы тұтқынға алу еді. Өзбекстан ҰҚК мұрағатынан Шырынбек Оразбаев келесі жазбаны тапқан: «Ташкент түрмесінің кезекші дәрігері Попов, дәрігер Косолапенко станционарда емделіп жатқан сотталушы Тынышпаевтың қайтыс болғаны туралы осы актіні толтырды»…

Кеш ақталған азамат

1970 жылы Мұхамеджан Тынышпаев ақталып, оның абырой-атағы қалпына келтірілді. 1993 жылы Мұхамеджан Тынышпаевтың туған жерінің маңындағы Қарғалы ауылында инженерге арналған алғашқы ескерткіш ашылды. Ал 2007 жылы Сарқан қаласында салтанатты түрде Мұхамеджан Тынышпаевтың мұражайы мен даңқты инженерге арналған ескеркіш ашылды.

Қазір Тынышпаевтың ескерткіші инженердің есімімен аталатын Қазақтың көлік және коммуникациялар академиясының алдынан да бой көтерген.

 

alash

 

Орысшадан аударған Қайрат Матреков

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз