Әйелінің мәйітін 2 күннен соң іссапардан оралған күйеуі тауып алыпты, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Тамағын орып жіберіп, басынан да жарақаттаған қылмыскер бірден ізін суытқан.
Қанды оқиға болған үйге жеткен полицейлер кешікпей оны өлтірген 33 жастағы Көкшетау тұрғынын ұстады. Күдіктіден әйелдің алтын сағаты мен сырғасы, басқа да жеке заттары табылды. Кейбір алтын бұйымдарын ол ломбартқа тапсырып та үлгірген. Қазір ол уақытша тергеу абақтысына жабылды. Балаларға ағылшын тілінен берген марқұмның артында жалғыз ұлы қалды.