Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
9
USD
445
+0.77
EUR
478
+2.56
RUB
4.85
+0.02

Танымал диктор Тыныс Өтебай қайтыс болды

“Бүгін, 2017 жылдың 28 тамызында, “Қазақстан” телеарнасының танымал дикторы Тыныс Өтебай ағамыз 73 жасында өмірден озды. Телеарнаға 60 – жылдардың аяғында келген Тыныс аға, талай жылдар Ұлттық арнаға адал қызмет етті. Тек қана диктор емес, ұзақ еңбек жолында түрлі редакциялардың басшысы болып, зейнетке “Қазақстан” корпорациясының Төрағасының бірінші орынбасары қызметінен шықты! Ағамыздың туыстарына, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз!”, – деп жазба жариялады Ерлан Қарин.

Тыныс Өтебай — 1944 жылдың 14 наурызында Ташкент облысы, Жоғары Шыршық ауданындағы Киік ата ауылында дүниеге келген. Қазығұрт ауданы орталығындағы 7 жылдық мектепті, Ташкент электрмеханика техникумын (1961), Ташкенттегі орыс тілі және әдебиеті институтын (1971) бітірген.

Еңбек жолын Ташкент трактор жасау завотында техник-электрик болып бастаған. 1963-66 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1967 жылы Өзбек радиосында диктор болып тұңғыш қазақ бағдарламасы “Замандасты” ашуға атсалысып, Өзбек теледидарына ауысты.

1971 жылдан “Қазақстан” телерадио комитетінде диктор, бас редактор, директор, комитет төрағасының 1-орынбасары қызметтерін атқарып келді. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз