Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Таңға дейін…”. Астанада өткен сұлулық байқауының қатысушысы басшылардың былығын айтты (видео)

122

Желідегі пабликте жарияланған жазбаны назарға ұсынамыз:

“Халықаралық байқауға қатысқан бойжеткендердің бірі Наталья Лапкина Instagram желісіндегі тікелей эфирде байқаудың бар “былығын” елге жайып салды. Ол байқаудан соң “Хан шатырдағы” демалыс орнына қыздарды күштеп әкеліп, ойын-сауық кешін жасағандар туралы ашық айтты.

Кеште оларды байқау демеушілері, байқауға қатысы бар адамдардың барлығы, Rixos қонақүйінің басшысы Айтекин Гүлтекин болғанын айтады бойжеткен. Кеште қыздардың барлығы шомылуға киінетін киіммен жүрген.

Астанада өткен сұлулық байқауының қыздарын басшылар қалай пайдаланған? (видео)

Бұл кеш қонақүйге келген соң да жалғасқан. Натальяның сөзінше, олардың репетиторлары қыздардан сағат түнгі төртте элиталы нөмірге келіп, ұйымдастырушылармен көңіл көтеруін сұраған. Олар мұны оларға WhatsApp желісіне жазған.

Қатысушы қыздардың арасында тіпті кәмелетке толмаған қыз да болған. Нәтижесінде, нөмірде екі қыз қалды. Олардың бірі байқауда жүлделі болған ару. Олар таңға дейін өз нөмірлерінде болмаған”, – делінген паблик жазбасында.

Ал желі қолданушылары болса, оның мәлімдемесіне қатысты түрлі пікірлерін жаудырды.

“Оған біреудің қызы, әпке-қарындастары қатысып отыр ғой. Ұйымдастырушыларды жазаласын”, “Батылдық. Осы сөзі үшін оған ештеңе болмаса екен”, “Сұмдық, батыл екен”, “Байғұстар”, – деп жазды олар.

https://www.instagram.com/p/BaSUQynhJt-/

Мақала ВК-дағы “Атамның басы-ай” тобында талқыланып жатыр. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз