Талдықорғандағы Еркін ауылдық округінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ағылшын тілін оқыту орталығы ашылды.
Бұл жерде мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасынан шыққан балалар ағылшын тілін тегін оқып-үйренеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазір орталықтағы «English kids» ағылшын тілі курсына 12 бала келіп жүр. Тіл үйрету сабағы аптасына екі рет бір сағаттан өтеді. Кәсіпкер бұған дейін Талдықорған қаласынан тап осындай 4 кеңсе ашқан.
«Мүмкіндігі шектеулі балалардың қол моторикасы өте аз дамыған. Сол үшін біз балаларға арналған ойыншықтар және неше түрлі пазлдар алдырып, сол арқылы балалардың моторикасымен қоса ағылшын тілін бірге үйренуге көп жұмыс жасап жатырмыз. Мұғалімдеріміздің барлығы тәжірибелі», дейді кәсіпкер Мәдина Құрманғалиева.
Ағылшын тілін 5 білікті мұғалім оқытады. Балаларының тегін тіл үйрету курсына баруға мүмкіндік алғанына ата-аналар дән риза.