Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
15
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Талдықорғанда қайтыс болған әуежай қызметкерінің артында үш баласы қалды

112

«Жұмыс барысында қаза тапқан азаматтардың отбасыларына өтемақы беріледі. Бірақ тергеу амалдары бітіп, өрттің себеп салдары толық анықталғаннан кейін ғана қаржы мәселесі қарастырылады. Дегенмен әуежай қызметкерлері өздері қаржы жинап, отбасына көмектесіп жатыр», -дейді «Жетісу» авиакомпаниясы» АҚ президенті Қалмұхамет Дөңсебаев.

Естеріңізге сала кетейік, өткен бейсенбіде Талдықорған әуежайының жанар-жағармай қоймасында өрт шығып, оны екі азамат өздігімен өшіруге тырысқан. Өздері отқа оранса да бар күшімен жанармай құйылатын құбырдың бұрандасын жауып, үлкен апаттың алдын алды. Әуе қауіпсіздігі қызметінің инспекторы болған 1973 жылғы Рахат Кәметаевтың денесінің 95 пайызын күйік шалып, ол ауруханаға жеткізілгеннен кейін көп ұзамай көз жұмды. Ал Рүстем Мұсабековтың өмірін аман алып қалу үшін мамандар Алматыдан да шақырылды. Бірақ оның алған жарақаты тым ауыр болды. Бес күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан Рүстем Мұсабеков есін жимастан қайтыс болды.

Талдықорғанда қайтыс болған әуежай қызметкерінің артында үш баласы қалды

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз