Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

“Талаңдар…”. Ерлан Біләлді қорғаған актриса елдің алдында еңіреп тұрып өлең оқыды

«Осыны ұйымдастырған адамды сотқа шақырамын.  Біз Жапонияға кеткенде, коллектив демалып жатқанда театрдың ішіне аппаратура орнатқан.  Ауырып жатқан жерінен шақыртып осындай жағдайға душар қылған», – дейді Қазақстан театрлар қауымдастығының президенті -Асанәлі Әшімов.

Қаңтардағы «Ерлан парамен ұсталды» деген хабар демде от тиген қаудай лап етті. Құзғынға жиналған қарғадай, оны қаралағандар да қаптады. Өсектен өзектері өртенген өнер өкілдері Ерланның бір қателігі үшін тұнған талантын таптап, тұншықтыруға болмайтынын, директорлық тағынан тайғанмен, әртістік арғымағынан түспеуі керек екенін айтады.

«Ерлан таза қалпы, өзінің ақ көйлек болмысымен, сенгіштігімен келіп осы жайсыз жағдайдың құрбаны болып отырғаны секілді. Тарихтан білеміз Моцарт пен Салеридің қалай болғанын. Демек арамызда Селерилер әлі бар. Олар ең қиын әрекетке барып отыр», – дейді Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Нұрлан Оразалин.

Ерланның әріптестері оның адамдығын айтып ақтап, емірене, көздеріне жас алып егілді.

«Жалғанды жалпағынан басқандар,

Ар-абыройдан асқандар,

Бәрі де сенің оғыланың, бәрі де.

Табала мейлі, тала мейлі,

Талып жығылған тұлғанның табанына

Ақ баталы алақанынды төсе мейлі,

Ол сенікі қазақ!» – деп өлең арнады актриса.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері өткен аптада бір жарым миллион теңге пара алғаны үшін ұсталған еді. Ол театр ғимаратын балаларға жаңа жылдық кеш өткізуге жалға бермек болған.

 

Дереккөз: stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз