Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-13
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

Таксидегі әңгіме. Questra қаржы пирамидасының уағызшысы шындыққа шыдамай, ашуланып кетті

178

Осы кезде қасымдағы үшінші адам сөзге араласты.

– Бұл әлгі қаржы пирамидасы деген емес пе? Басындағыларға береді де аяқтағылары түксіз қалатын.

– Жоға да. Бұл компания официально 50 елде жұмыс істейді. Лицензиясы бар, барлық жұмысы ашық, Интернеттен шот ашып, оны өзің басқарып отырасың…

Шыдамадым мен де сөзге араластым. Әңгімені шорт кесейін деп тікесінен кеттім.

– Ол – заңсыз компания. Әйтпесе, тергеу үшін іс қозғала ма? Бас прокуратура бүкіл ел бойынша тура Сіз айтқан компанияны тексеріп жатыр. Қазір Қызылордадағысы нысанаға алыныпты дегенім сол еді, әңгіме ауаны бірден өзгеріп сала берді.

– Ой, Қызылордада компания атын пайдаланып, бір алаяқтар ашып алған ғой. Әйтпесе, оның Questra-ға еш қатысы жоқ. Оның үстіне, Questra жәй жарнамасын жүргізетін. Ал заңды істейтіні Аган деген. Ол арада брокерлер, трейдерлер бар.

– Қойшы, прямо. Брокер, трейдер болса, қор биржасында, яғни Форексте жүрмей ме, ол бәлелер.

https://kaz.365info.kz/bykil-el-bojynsha-tergeu-toby-khyryldy-questra-kharzhy-piramidasyna-tykhyr-tayandy-261913

– Бізде қор биржасы жоқ қой…

– Қалай жоқ, сонда бізде күнде доллардың бағасын бағамдап, есептейтін қай жер, қор биржасы емес пе?

– А, KASE-ні айтасыз ба, онда дым жоқ қой…

Жұмыс іздейтіндердің бәрін Questra “аулап” жүр

Ары қарай мен „бәрі түсінікті„ дегендей үнсіз қалдым. Ол ашуланып бұрқылдай бастады:

“Көреміз, заңсыз екенін, дәлелдесін, просто олар Үкіметке салық төлемейді, шаш-етектен ақша тауып жатыр, оның үстіне, банк клиенттерін әкетіп жатыр, содан соң қызғанып атака жасай береді, осылай” .

Дегенмен әлгі келіншектің бір сөзінен басқасының бәрі шындыққа саяды. Расында, ондай компаниялар Үкіметке салық төлемейді. Алайда олардың артықшылығы, банк шығарта алмаған “матрац астындағы” елдің ақшасын бұрқыратып, шаңсорғыш құсап, “сорып” жатыр. Насихат агрессивті түрде жүруде. Барлық түкпірді қамтыған. Тіпті, еден жуушы деген жарнамаға “звандасаңыз” да осыған әкеліп тығады өздері. Демек,

клиенттердің негізгі тобы – жұмыс іздеушілер, содан соң, зейнеткерлер мен табысы аз мемлекеттік қызметкерлер.

Қаржылық сауаттылық деңгейлері мардымсыздау дегенім ғой…

 

https://kaz.365info.kz/kim-zhaman-ykimet-zhaman-deputat-questra-kharzhy-piramidasy-turaly-shyndykhty-ajtty-261522

 

Дегенмен әлгі келіншектің сөзінен аңғарғаным, Үкімет қылған әрекетке олар бірден, шалт ақпараттық тойтарыс беруде екен. Әйтпесе, тексеру басталды деген сөз шыққалы бір аптаның жүзі бола қойған жоқ. Бірақ ол басқа бір алаяқтар болып шыға келген, компания атын жамылған-мыс. Оның үстіне, Questra қаржылық институт емес, жәй жарнамалық компания бола қалыпты. Демек, олар тықыр таянғанын сезініп, Questra-дағы клиенттерін енді басқасына „көшіріп„ жатыр. Не деген жылдамдық десеңізші? Демек, жұмыстарын әрі жалғастырудан дәмелі. Аңқау елге арамза молда деген осы шығар. Ертең бәрі аңырап қалса, егілген елге обал-ақ. Ішің қалай ашымайды? Өзіміз ғой бәрі де…

Өз обалдары өздеріне…

Содан мақаламда біліктілеу біреудің ақыл сөзін келтіре кеткенді жөн көрдім. Бір ЖОО-ның ректорына хабарластым.

„Сіз не ойлайсыз? „Инвестормын, қырып ақша табамын„ дегенге сеніп жүрген мына жұртыңызға не айтасыз?„, – деп сауалды төтесінен қойдым.

Алғатбек Қыдырбекұлы

– Questra World па? Алаяқтар ғой.

Ондайлар осыған дейін де болған, осыдан кейін де болады. Оған таң қалатын не бар? Жұртты ол араға ешкім күштеп апарып жатқан жоқ. Өздері торға түсуде. Өздерінен көрсін, енді…

– Жоқ, бұл өзгешелеу екен. Интернеттен арнайы шот аштырып, өзі бақылап, өзі басқаратындай мүмкіндік беріп, миларын ашытады екен. Көз алдарында ақшалары үстемеленіп, мәз. Сенбегенде қайтеді?

– Дұрыс қой, енді. Басқалай ол жұртты қалай сендіреді? Оңай ғой дейсің бе? Оңай болса, матрацтың астындағы елдің ақшасын банктер баяғыда шығарып алмай ма? Шығын шықпай, пайда жоқ.

Там-тұмдап, тіпті, біреулеріне көсілтіп береді басында. Сектанттар секілді әр клиенттін зерттейді олар. Қызықтырып бергендерін айтады, ал ұтылғандар туралы айтпайды. Ақырында, адамдардан ғаламат ақша жинағанда, тайып тұрады.

Мәселен, аптасына 6 процент, айына одан да көп процент табысты кім береді өзі? Ондай қаржы институты бар ма бізде? Жоқ.

Бүкіләлемдік тәжірибеде де жоқ. Содан-ақ күдіктенбейді ме?..

https://kaz.365info.kz/ara-andyda-arzhy-piramidasyn-ryp-eldi-alda-an-jel-resejge-ashyp-ketpek-bol-an-232969

Одан соң, брокерлік компания десе, неге қор биржасында істемейді олар? Қор биржасында жоқ қой. Бұл да күмән туғызатын нәрсе. Тіпті, қор биржасы да қауіпті қазір. Ондағы брокерлердің уысына түссеңіз, миыңызды айналдырып жібереді. Қор биржасынан да сауатыңыз болмаса, тып-типыл болып шығасыз. Қазақ айтады ғой өзі: „Көрпеңе қарай көсіл„ деп.

Шама келмейтін жерге бас сұғып керегі жоқ, негізі, – деді Құрылыс және бағалау академиясының ректоры, халықаралық экономика маманы Алғатбек Қыдырбекұлы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз