Ауа-температурасы, әсіресе түнде төмендейді. Оған суық арктикалық ауа ағынының енуі себеп.
Ал қыркүйектің 28-інде еліміздің солтүстік және орталық аймағында жаңбыр жауады. Синоптиктердің болжауынша, қар жаууы ықтимал.
Мөлдір Есқалиева, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:
– Астана қаласы бойынша 26-27 қыркүйекте ауа-райы жауын-шашынсыз. 28 қыркүйекте жаңбыр күтіледі. Бүгін түнде сынап бағаны төмендеп, -2,-4 градусты көрсетеді, ал 27-сінен бастап 2-ге дейін жоғарылайды. Күндіз 8-10 градус шамасында жылы болады.
Алматы қаласы бойынша да 26-27-сі жауын-шашынсыз. 28-інде жаңбыр күтіледі. Түнде сынап бағаны 4-6 градус жылы, күндіз 18-20 градус шамасында болады.