“Күнім,сен сөнбеші”. Бейнебаяндағы өшпес махаббат хикаясы ма, жоқ әлде құлақ құрышын қандырар әуезді әні ме Ернар Айдардың дәл осы әні халық жүрегінен лезде орын алды. Ал, бірақ әннің түп төркіні қай елдікі?
Ернар Айдардың дәл осы бейнебаяны сегіз миллион қаралым жинаған рекордты әндердің біріне айналды. Дәл сондай әуенімен осыдан бір жыл бұрын түрік жігіт бейнебаян түсіріп, бес миллион қаралым жинаған болатын. Аты да біздің әншіге ұқсас Ельнар Хилилов. Бір қызығы, түрік әншісі әнін де, сөзін де өзі жазған екен.
“Айй қазағым -айй..”, деп пікір білдірді желі қолданушысы. Менің ойым дәл осы пікірмен сәйкес келіп тұрғаны.