Ел тұрғындары жемқорларды ұстап беріп, ақша тауып жатыр. Осы кезге дейін азаматтарға берілген сыйақы көлемі 31 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды КТК арнасы.
Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро парақорларды ұстап берген әр азаматқа 70 пен 250 мың көлемінде сыйақы беріп жатыр. Әрине, сенім телефонына хабарласқан адамның ақпараты рас болуы керек. Ол кейін расталғанымен ақша да бірден қолға ұстатылмайды. Қаржы азаматтарға үкім шыққан соң беріледі.
“Жалпы саны 226 адам өткен жылы 31 миллион теңге көлемінде сыйақы алды осындай фактілер бойынша.
Ал жалпы мынау жемқорлық фактілерінің тіркелу мәселесіне келетін болсақ, егерде мысалы, 2016 жылы 2473 факт тіркелетін болса 2017 жылы бойынша 2016 жылы 2933 факт болған», – дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жмқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің директоры Салауат Мүксімов.