Красноярск қаласында 35 жастағы ер адам 27 жастағы сүйіктісін өлтіріп тастап, жүрегі мен өкпесін кәстрөлде қайнатқан, деп хабарлайды облыстық РТК ТБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
Ер адам бойжеткенге бірнеше жерінен пышақ жарақатын салып, салдарынан ол оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Мұнан кейін ол бойжеткеннің жүрегі мен өкпесін кесіп алған. Мұнан кейін қыздың жүрегін кәстрөлде қайнап жатқан суға салып жіберген.
Анықталғандай, ер адамның мұндай сұмдық әрекетке баруына сүйкітісімен арадағы жанжал себеп болыпты. Сонымен қатар ер дам жанжал кезінде мас болған.
Тергеушілер «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.