Су ресурстарымен жеткілікті көлемде айналыспайды. Сондықтан қиындық болып тұрады.
Неліктен Сырдария өзенінде су тапшылығы туындағанын техника ғылымдарының докторы және БҰҰ жанындағы Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі Марат Көшімбаев айтып берді.
– Бізге су Қырғызстан мен Тәжікстаннан келеді. Сырдария өзені Тәжікстанда бастау алады. Онда көптеген су қоймалары салынған. Қырғызстанда Кеңес заманында салынған Тоқтоғұл ГЭС-і бар.
Бұл екі мемлекет өз үйлерін қыста , негізінен ГЭС-тен алынған электр қуаты есебінен жылытады. Жазда олар бұл суды қысқа жинайды, ал Қазақстанға жазда су егістік суару үшін қажет
Энергияны біз көмір, газ және мұнай өнімдерін жағу арқылы аламыз.
Тағы бір мәселе, қыста бұл елдер электр энергиясын өндіру үшін су алған кезде ол су Сырдария бойымен ағып, мұздың үстімен жүріп, Қызылордадағы және одан әрі Аралға дейінгі жерлерді су басады. Бұл біз үшін үлкен қиындық, өйткені жолдарды шайып кетеді. Мырзағалиев ол жаққа осы суды қыста емес, жазда жіберуге өзбектерді көндіруге барды.
Осылайша, екі мәселе шешіледі: қысқы су тасқыны және суару үшін судың жетіспеуі. Бірден екі қоян атуға болады
Осы уағдаластықтың орнына біздікілер тәжік тарапына көмір, мүмкін жанармай мен дизель отынын жеткізуге уәде бермек. Әйтеуір бір уәде берілгені анық.
– Көпшілік су тасқыны – бұл жауын-шашынның рекордтық деңгейінің және мұздықтардың еруінің нәтижесі деп ойлайды. Демек, мұның себебі шаруашылық жұмыстар екен ғой.
– Иә, қыста осы аймақтарда су жіберілгенде тасқын болады. Көктемде су жоқ. Бұл кезеңдегі су тасқыны басқа өңірлерде болады және олар Нұра немесе Ертіс өзендерімен байланысты. Оларға еріген су құйылады.
Бізде мұндай суды жинап, кейіннен өзенге немесе басқа су арналарына “алаңсыз” жіберуге болатын арықтар, каналдар қарастырылмаған
Ал Өзбекстанда суды жинайды. Оларға су энергия өндіру үшін емес, суару үшін қажет. Олар суды жіберуді ұмытып кеткен. Нәтижесінде бөгет жарылып, су Өзбекстан аумағын ғана алған жоқ, Қазақстанның Түркістан облысына да жетті.
Мұның бәрі Гидротехникалық құрылыстарды дұрыс пайдаланбаудың салдары.
Марат Қошымбаев
— Сонда мамандар жетіспей ме?
– Иә, өйткені қызметкерлер гидротехникалық шаруашылықтардың қалай жабдықталғанын ғана біліп қоймай, оларды қалай дұрыс пайдалану керектігін де түсінуі керек. Халықаралық келісімдерге және табиғат заңдарына сәйкес. Жалпы, КСРО-да осы салада мамандар даярлау қажеттіліктерден туындады.
Гидротехникалық құрылыстар салынды, ол 50 жылға дейін жарамды бола алады, сондықтан мамандарды жыл сайын “шығара берудің” қажеті жоқ
Мәскеуде қажет болған жағдайда Қазақстан, Қырғызстан және басқа республикаларға жіберіліп отырған белгілі бір мамандандырылған қызметкерлер болды. Бірақ қазір жағдай басқаша – біз бәріміз Тәуелсіз мемлекетпіз. Мәскеуге бізге адамдарыңды жібер деп айта алмаймыз. Ал өз мамандарымызды даярламаймыз.
Қазір су тасқыны болып, су үйлер мен жолдарды шайып кетіп жатқанда, экология министрін қоса алғанда, жоғарғы жақта отырғандар үшін бұл қалыпты климаттық құбылыс. Бірақ іс жүзінде бұл табиғат заңдарын сақтау керектігін түсінбейтін билікте отырғандар бұл саланың маманы емес.
Қазақстанға гидротехникалық құрылыстардың жұмыс стратегиясы және жалпы су шаруашылығын дамыту қажет.
Бұл стратегияны әзірлейтін мамандар, бізде әлі де бар – ғалымдар, инженерлер, “кеңестік кезең тәжірибесінің” мұғалімдері. Кейбіреулері зейнетте, бірақ оларда білім бар
Мәселе мынада, бізде су шаруашылығы министрлігі жоқ — гидротехникалық құрылыстарға жауап беретін орган жоқ. Сондықтан олар иесіз деп айтуға болады. Ішінара олар ауыл шаруашылығы министрлігінің құзыретінде. Бірақ олардан “неліктен гидротехникалық құрылыста апат болды” деп сұрағанда, олар “біз оған жауап бермейміз, біз тек суға ғана жауап береміз” дейді.
Біздің шенеуніктер, бір жағынан, жауапкершілік алғысы келмейді, ал екінші жағынан – бір апат бола қалса, бұл олар үшін қалыпты жағдай. Содан кейін бұл олқылыққа ақша бөлінеді, содан кейін ол талан-таражға түседі
Яғни, табиғи апаттар — бұл бюджеттен ақша алудың қосымша себептері.
– Демек, алдағы жылдары қиындық шешілмейді деген сөз бе?
– Жоқ, әрине. Себебі Одақ ыдырағаннан кейін үлкен шаруашылық құлдырады. Мұның бәрін қалпына келтіру үшін бір жылдан уақыт аз. Жоғарыда айтқанымдай, бізге стратегия жазу, кадрларды оқыту және адамдарды жұмыс істеуге мәжбүрлеу керек. Оңай жұмыс емес. Қажеттілік жоқ деп есептеп, таратып жіберген Су шаруашылығының жеке министрлігін қайтадан құру қажет. Дегенмен
КСРО-да әр облыста облыстық су шаруашылықтары болды. Солар бәрін бақылап отырды. Кеңес заманында су тасқынымен қиындықтар болған жоқ
Ал, еріген су халық шаруашылығы үшін қажетті ресурс болды. Суды жай ғана жинап қойған жоқ, 70-80 жылдары онда балық өсірілді. Балықтың көп болғаны соншалық, тіпті балық ұнының өндірісі құрылып, оны құрама жемге қосты және т. б.
– Қазір Қырғызстан мен Тәжікстан қыста үйлерін су энергиясымен жылытатынын айтып өттіңіз. Ал КСРО кезінде қалай болды? Сонда, қазір бұл елдер көмірге тәуелділіктен бас тартып, бізден озып кетті ме?
– Ол кезде энергия бүкіл Кеңес одағында ортақ болатын. Барлық елдер энергияны бір-бірімен байланыста тұтынды. Қырғызстан мен Тәжікстан бізді басып озды деп ойламаймын, өйткені оларда жақсы гидростанциялар жоқ.
Олар көрші мемлекеттердің тыныштығын бұзбай, су энергиясын тұтына алмайды
Ия, олар көмірге ауысуға қуана келісер еді, бірақ оны сатып алуға ақшалары жоқ. Мүмкін қазір біз оларға көмір, ал олар бізге су беретін болып келісетін шығар. Бірақ келісімдер оларда қандай да бір форс-мажор жағдай – суық қыс, ЖЭО бұзылуы немесе басқа нәрсе орын алғанға дейін жалғасады.