Мұхтар Әблязовқа қатысты қылмыстық істің Таразда өтіп жатқан сот тыңдауында куәгер оның Ержан Тәтішевпен өзара жанжалы жайлы айтып берді.
4 миллион долларға тапсырыс алған Тоқмәди 13 жылдан соң осы қылмысын мойындап, 10,5 жылға түрмеге қамалған. Ал енді оған тапсырыс берген Әблязовтің мәселесі май-шаммен қаралып жатыр. Оның өзі сот отырысында жоқ.
Бүгін бас-аяғы 4 куәгерден жауап алынды. Келесі процестердің бірінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Нартай Дүтбаев пен киллерлік қызмет атқарған Мұратхан Тоқмәди де сотқа келеді деп күтіледі.