Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінен көңілі қалғанын әрі қарым-қатынасты жақсарту үшін ешқандай алға жылжу жоқ екенін мәлімдеді.
CNN телеканалына берген сұхбатта Песков өткен жылы сайлау кампаниясы кезінде Трамп Ресеймен қарым-қатынасты жақсартқысы келетінін мәлімдегенін еске салып, “өкінішке қарай, бұл диалогтың қашан басталатынын түсінбей отырмыз” деді.
Ресейдің сайлауға араласу мүмкіндігін конгрестің бес комитеті қатар тексеріп жатыр. Песков бұл жәйттердің бәрін “истерия” деп атады.
“Біз мұның бәрі болашақта екі жақты қарым-қатынасқа сызат түсіреді деп есептейміз әрі бұл истерияның бәрінің аяқталғанын қалаймыз”, – деді ол.