8-наурыз – ер адамдар, тіпті кейбір бүтін отбасы үшін үлкен сынақ.
Осылай деген психолог Ирина Украинцева 8-наурызда берілген сыйлыққа көңілі толмаған әйелдер айқайға басатынын айтады деп хабарлады Аktobenews.kz.
«Сыйлық үшін көп отбасы быт-шыт болады. Тек гүл сыйласа ол да болмайды. “Мынауыңды сиырға бер” деп лақтырады оны.
Тіпті, сыйлық тарту етуді ұмытып кететіндер де бар. Ондайда ерлі-зайыптылар арасында бір ай, тіпті одан да ұзақ қиын қарым-қатынас орнайды. Жылап, маған да звандап жатады. “Мені құрметтемейді, жылдар бойғы еңбегімнің өтеуі осы болды” деген секілді әйелдердің мұң-зарын естуіме тура келеді.
Әрине, мұндайда әйелдің өз ер-азаматының орнына қойып көргені жөн болады. Бұл – біріншіден. Екіншіден,
айқай-шу шығарған өзіне сырттай қарауға кеңес беремін. Көбісі ұялып қалады.
Сөйтіп сабасына түсіп жатады”, – дейді психолог.