Сирия президенті Башар Асадтың портретімен алғашқы рет ұлттық банкноттар пайда болды. Мемлекет басшысының суреті 2 мың фунт ақшасында бейнеленген, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі.
2 маусым күні, жексенбіде Сирия орталық банкінің басшысы Дурайд Дургам ақшаны таныстырып, сол күні-ақ айналымға шығарды. Оның сөздеріне қарағанда, таралым бірнеше жыл бұрын басылған, алайда айналымға шықпауына соғыс пен айырбас бағамының ауытқуы себеп болған.
Жаңа банкнот 4 АҚШ долларына тең. Бұл уақытқа дейін Сирияның ең ірі ақша белгісі 1 мың фунт болған еді, онда 2000 жылы дүниеден өткен президент, Асадтың әкесі Хафез әл-Асад бейнеленген.