Батыс Африкадағы Буркина-Фасо мемлекеті немесе «шыншыл адамдардың отаны» бүкіл әлем елдері секілді карантин режимінде өмір сүруде. Жайдарлы және мейірімді жергілікті тұрғындар басқалармен араласуды және құшақтасуды жақсы көреді. Міндетті әлеуметтік алшақтық олар үшін үлкен сынақ болды.
Әлемде коронавирусқа қарсы вакцина әлі шығарылған жоқ. Буркина-Фасода емдеу барысында хлорохин немесе азитромицин қолданылады.
Люсьен Манзабарның айтуынша, билік халыққа қолды сабынмен жиі жуып, сулы-спиртті ерітінді қолдануға кеңес берді.
— Жұқтыру тізбегін үзу үшін үкімет бірнеше шара қабылдады. Ауру анықталған қалаларды карантинге жапты. Түрлі базарлардың жұмысы, қалааралық көлік қозғалысы тоқтатылды, комендаттық сағат енгізілді. Барлық мектептер жабылды.
Байланысу мүмкіндігін шектеу үшін қызмет көрсету кәсіпорындарына ротациялық шаралар өткізу ұсынылды. Барлық шараның әлеуметтік, экономикалық және саяси салдары бар.
Әлеуметтік деңгейде бір-бірімен қол алысып амандасу әдеті жойылды
Адамдар ендігі жерде бір жерге топ болып жиналып, араласа аламйды. Міндетті әлеуметтік арақашықтық белгіленген. Буркино-Фасо халқы үшін бұл әдеттен тыс жағдай.
— Экономикалық деңгейдегі салдары қатты байқалып жатыр. Әсіресе коменданттық сағат пен базарларға қатысты шараларды енгізгеннен кейін қиындықтар туындады. Карантиннің нәтижесі өнеркәсіп, қызмет көрсету саласы мен ауылшаруашылығына ықпал етуі мүмкін.
Forge-Afrique зезрттеу және оқу орталығы жүргізген зерттеулерге сәйкес, Covid-19 әкелген дағдарыс макроэкономикалық деңгейде экономиканың өсу қарқынын айтарлықтай төмендетуі мүмкін —
бұрындары 6,5%-ға өседі деп болжам жасалған болса, қазірде оптимистік сценарийде 1,38%-ға ғана өседі деп күтіліп отыр
Пессимистик сценарий бойынша Буркина-Фасо экономикалық құлдырау 1,75% болады.
Зерттеу авторларының бірі, профессор Идрисса Мохамед Уэдраогоның ойынша
жағдайдың бұлайша өрбуі ұлттық байлықтың 345-тен 645 млрд КФА франк жоғалтуына әкелуі мүмкін
(570 мың АҚШ долларынан 1 млрд АҚШ долларына дейін— авт.).
Дегенмен бұл пандемия біздің жүйелік әзірлемелерімізді қайта қарастыруға берілген үлкен мүмкіндік
Біз елдің ішкі мүмкіндіктеріне негізделген экономиканы қайта қалпына келтірудің жаһандық, құрылымдық жіне эндогендік стратегиясын қарастыратын едік.
Экономиканы қайта қалпына келтурі бойынша әрекеттер сұраныс тарапынан да, ұсыныс тарапынан да қабылдануы керек.