Осыған дейін жоғалып кетті деп хабарланған 10 жастағы Жанель Маратова табылды,-деп хабарлайды Stan.kz.
Полиция қызметкерлері Жанельді Шымкенттегі Темірлан тасжолының бойындағы сауда орталықтарының бірінің жанынан тапқан.
«Қыздың денсаулығына төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Қажетті процедураларды жүргізген соң полиция қызметкерлері Жанельді анасына тапсырады»,-деп хабарлады ІІД-нен.