Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Шымкентте Тоқтар Төлешовтің сот отырысы тоқтап қалды

Оған Төлешовпен бірге айыпталып отырған салық басқармасының бұрынғы қызметкері Мадияр Мұсаевтың қорғаушысы Асан Бердібековтің қайтыс болуы себеп болған. Осыған орай бұрынғы мемлекеттік қызметкерді қорғауға өзге адвокат шақырылыпты. Бірнеше томнан тұратын істен хабарсыз қорғаушы судьядан танысу үшін уақыт сұраған. Атышулы істің кезекті отырысы 4 қыркүйекке белгіленген.

Айта кетейік, лаңкестік төңкеріс жасамақ болды деген айыппен 21 жылға сотталған экс-кәсіпкер Тоқтар Төлешовке бұл жолы «қарамағындағы адамдармен және салық органы қызметкерлерімен ымыраласа отырып, мемлекетке миллиардтаған теңге шығын келтірді, табысын жасырумен қатар, ірі көлемдегі салық төлемдерден жалтарған» – деген айыптар тағылып отыр. «Шымкент сыра» серіктестігін басқару кезінде Төлешов компания есеп-шотынан 4 миллиардтан астам қаржы алып, оны қайтармағаны айтылған.

stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз