Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Шымкентте 200-ге жуық адамға балмұздақ сатқандардың өздері ауру болып шықты

Бір апта ішінде балмұздақ жеп, іштері өткен 188 науқастың барлығы қазір ауруханадан шығарылған. Олардың 31-нен салмонелла табылса, тағы 13-і стафилококк індетін жұқтырған екен.

Еске салсақ, шымкенттіктер наурыздың соңында қаланың орталығындағы бұрыннан жұртқа дәмді балмұздағымен мәлім «Южное» дәмханасынан тәтті  жеп, жаппай ауруханаға түсе бастаған болатын. Осыдан кейін ғана сауда нүктесін тексерген санэпидемиологтар бүкіл тамақ дайындау және әзірлеу ережелерінің өрескел бұзылғанын анықтаған еді.

Енді өздері ауру бола тұра, жұртқа жаппай қауіпті асты сатқандардың кәсібі біржола тоқтатылды. Қазір олардың ісін сот қарап жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз