Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Шылым шегудің денсаулыққа зиянын азайтуға бола ма?

244

Қазақстанда да әлемнің басқа елдері сияқты қоғамда вейпингтің танымалдығы артып келеді, сондай-ақ әккі шылым шегушілердің де назарын аударып, кәдуілгі темекі тартудың баламасы ретінде қолданылып жүр. «Право курящих в Казахстане» интернет қауымдастығының негізін салушы Денис Ибрагимов өзі электронды шылымды қолданбаса да, оларды тұтыну мен таратуға болады деген пікірде. Шылым шегудің зиянсыз баламасы адам денсаулығына да қауіпсіз, кәдуілгі шылымнан бас тартып, никотині аздау электронды шылымды пайдалануды қолдайтынын  атап өтті.

«Меніңше, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы алға тартқан қағидаларға назар аударған жөн. Осы тұжырымға мән беру керек, себебі электронды шылым «никотин тартудың балама жолы» деп айтылса, бұл қағиданы дәл осылай қабылдау керек. Мұнда темекінің күйген қалдықтары жоқ екені дәлелденді, ол темекіге қарағанда 95 пайызға зиянсыз. Сондықтан ДДҰ-ның вейпинге қарсылығы түсініксіз. Негізінде, вейпинг Денсаулық сақтау ұйымының мақсат-мүддесіне сай жұмыс істейді, яғни шылым шегуге қарсы күреседі.  Олай болса вейпинг ДДҰ-ын қолдап отыр, халыққа шылым шегудің зиянын түсіндіріп, оны көрсетіп те береді», — дейді Денис Ибрагимов.

Бұрын-соңды болмаған электронды шылымның халық денсаулығына анағұрлым әсері бар. Миллиондаған шылым шегушілер электронды шылымға біржола ауысқан, ал қалған миллиондаған халық әдепкі шылымнан бас тарту үшін электронды шылымды пайданалып жүр. Электронды шылым булағышындағы сұйықтық қызған кезде пайда болатын буда темекі түтінінде болатын химиялық заттың аз ғана бөлігі болады, қалған бөлігі зиянсыз екенін мамандар дәлелдеп отыр. Қазіргі таңда жүргізілген тәжірибе нәтижесінде белгілі болғандай, электронды шылымның түтінін ішке тарту кәдуілгі шылымның зиянының 5 пайызын ғана құрайды екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз