Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Шығыстағы Шемонайха ауданын су басып жатыр (фото)

133

Қызыл судың басуына толассыз жаңбыр мен жер тоңының қалың болуы әсер еткен. Тау суының құйылуына байланысты Лосиха, Маралиха, Козлушка өзендері арналарынан тасыған. Үбе өзенінде сеңнің кептеліп қалуы да жағдайды қиындата түскен. Мұз кесектерін жүргізу үшін 720 келі жарылғыш заттар қолданылып, алдын ала жару жұмыстары жүргізілді.

Қызыл судан ең көп зардап шеккен – Жоғарғы-Үбе және Выдриха ауылдары. Мұнда он шақты үйді су басты. Убинка, Первомайск, Ново-Ильинка, Рулиха, Октябрь ауылдарында бірнеше аулаға су кіріп кетті. Қазір қардың суын сорып, құмқап төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетелік, екі бұрын Шемонайха ауданында табиғаттың оғаш мінез көрсетуіне байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз