Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Шүберекке түйілген…”. Қазақстанда шөппен жазылған кітап бар

Бұл дүние – рухани ордадағы ең ескі құнды жазбалардың бірегейі. Сырты арнайы иленген қоңыр түсті мал терісімен қапталған. Құран аяттары шөппен жазылғандықтан, оның жазулары әлі күнге дейін көмескі тарта қоймаған екен.

«Ел арасында бабадан қалған мұраларды шүберекке түйіп, сандық түбінде сақтап отырған кісілер баршылық. Біз қор енді ашылған уақытта арнайы экспедициямен облыстың ауыл-аймақтарын түгел аралап, жеке тұлғаларда сақтаулы дүниелерді жинақтадық.

Дегенмен, уақыт өткен сайын қолжазбаны қалпын бұзбау талаптары қиындай түседі.

Сондықтан мұндай құндылығы жоғары мұраларды тиісті мекемелерге сақтауға берген дұрыс. Болмаса, қолжазбалардың бүлінуі, оқылуы күрделеніп кетуі әбден мүмкін», – дейді кітапхананың негізгі қорларды сақтау бөлімінің басшысы Гүлдерайым Қосназарова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз