Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

«Сен қайдағы қазақсың?». Дүниеңнің бәрі орысша…

202

Қазақтың тілі сол – жаман жазушы-журналистің, таксис пен базарда арба сүйреген қара қазақтың, ауылдың тілі болып, босағада қалып қойған.

Осы тіл мәселесі жөнінде кезінде белгілі қоғам қайраткері, алаштың арда азаматы Амангелді Айталы ағаның былай дегені бар:

Амангелді Айталы

“Номенклатура мен қара халық, байлар мен кедейлер арасындағы жік – тіл мәселесінде де көрініп тұр. Жуырда Үкімет мемлекеттік тілді қолдану туралы жиналыс өткізді. Артынша теледидардан орыс тілінде өтіп жатқан Үкімет отырысы туралы ақпарат көрсетілді.

Одан қазақ мынадай ой түйеді:

«Біздің билік, «біз орысша сөйлей, жаза берейік, ал мына қара халық қазақ тілін меңгерсін», деген саясат жүргізеді екен ғой» деп.
https://kaz.365info.kz/nyrtas-adambaj-khyrsh-ej-khazakhstandagy-ozge-etnos-okili-agynan-zharyldy-254205

Қазақ неге өгей баланың күйін кеше береді?

Осы орайда Смағұл Сәдуәқасұлының мына бір пікірі ойландырады:

«Мысал үшін, мынадай бір сөз айтайық: қазақ базарға сатуға малын алып келді. Распискасы қазақша жазылған. Оны қазақша білмейтін милиция дұрыс деп таппады. Анаған расписканы орысша жазып алып кел деді. Жай қарағанда, бұл әрине ұсақ нәрсе. Ұлттық психология жағынан тексерсек, бұл үлкен жұмыс. Қазақша жазылған расписка жарамағаннан кейін ана қазақтың жүрегінде өз ұлтының кім екені сезіледі. Оның көзінде қазақтың жұмысының бәрі орынсыз, осал боп көрінетін болады. Ол өзінің күшіне өзі сенбеуге айналады. Онда басқа ұлттың алдындағы жасқаншақтық пайда болады, ол басқа жерде кеудесі көтеріліп, аяғын алшақ басып жүре алмайды…».

Үкіметі, соты, министрліктері, әкімдігі, басқа да органдары қазақша сөйлемейтін мемлекетте «қазақ елі» деп, Смағұл айтқандай, кеудемізді көтеріп, аяғымызды алшаң басып жүре аламыз ба?

Менің елім, менің жерім, менің тілім», деп мақтанғысы келетіндер де мақтана алмайды.

Себебі – оның ұлы тілінің үні жолдауларда, үкімет отырыстарында естілмейді. Орысша сөйлеу, орысша ойлау қалыпты жағдайға айналғаны қашан?”.

Амангелді аға солай деген. Талай жыл бұрын. Бірақ әлі күнге өзгерген ештеңе жоқ.

Қазақтың тілі әлі күнге сол ауылдағы қара қазақтың тілі болып қала беруде. Бұған кім кінәлі?

Өз тілімізді менсінбей, өзге тілде сөйлеуді мақтан көретін өзіміз бе, әлде қазақ тілі жапа-тармағай қолданысқа енсе, жеп отырған нанмыздан айрылып қаламыз ба дейтін орыстілді (орыстар емес) қазақтардың бөгет қоюы ма?

Ақбота Дастан
https://kaz.365info.kz/or-bol-an-aza-tili-nemese-aza-stan-nege-shala-memleket-210648

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз