Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Семейде оқушыға қырындаған мұғалімнің басы дауға қалды

Кейін қыздың ата-анасы құқық қорғау органдарына шағым түсірді. Алайда әріптестері оның мұндай әрекетке баруы мүмкін еместігін айтып, оқиғаның түсінбеушілік екенін алға тартуда.

«3 жылдан бері ұстаздық жолда қызмет етіп келе жатқан оның бойынан ерсі әрекеттерді байқаған емеспіз», – дейді әріптестері.

Қазір мұғалімге қатысты «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүруде. Ал дау шыққаннан кейін мұғалім жұмыстан босатылған.

«Негізі мұғалім оқушыға жамандық ойлауы мүмкін емес. Ұстаздың жаман пейілі болмауы, ал қыз мұны теріс қабылдап қоюы мүмкін. Сондықтан соңы осындай үлкен мәселеге айналып отыр. Қазір тергеу жүріп жатыр. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екені іс аяқталғаннан кейін нақты белгілі болады», – деді Семей қалалық білім бөлімінің жетекшісі Наталия Фесенко.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз