Отандық әнші Саят Медеуовтің отбасында тағы бір орны толмас қайғы орын алды.
Әлеуметтік желіде әріптестері аз ғана уақыттың ішінде ата-анасын ақтық сапарға жөнелткен Саят Медеуовке шын ниетімен көңіл айтып, қайғысына ортақсып жатыр.
Әншінің әкесі 80 жасында өмірден өткені белгілі болды. Ол да жары секілді COVID-19-дың кесірінен көз жұмды.
«Саят досым, әкеміз иманды болсын. Күні кеше ғана екеуміз еркек басымызбен екі көздің жасына ерік беріп, ана мен әкенің қадір-қасиетін айтып 1 сағат егіліп алып едік. «Мама, сен қызғаншақ едің ғой, әкемді өзіңмен алып кетпеші, бізге қалдыршы» — деп жазып ең. Екі апта бұрын ғана бақилық болған анамыздың артынан әкеміз де кете барды. Нағыз махаббат осы шығар. Ақ Сәкем, сен сынбашы, қайыспашы. Өзекті жанға өлім хақ. Бәріміз Аллаға қайтарыламыз. Қос шынарыңның жандары жәннәтта шалқысын», — деп көңіл айтты Сәкен Майғазиев.