Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Саунада мәжбүрлейді”. Шымкентте төрт ай бойы қорлық көрген 25 жастағы қыз құлдықтан босатылды

Қыздың айтуынша, ол биылғы көктемде Шымкентке ақша табу үшін келген. Бұл жерге келгенде жұмыс та оңай табыла кетті. Айгүл қаладағы кафелердің бірінде даяршы болып жұмысқа орналасты. Сонымен бірге, ол бос уақытында сол жерде ыдыс жуып, тіпті мекені тазалап та ақша тауып жүрген.

https://kaz.365info.kz/auyndy-zhinap-otsaj-zhasyryn-kameraga-tysip-khalgan-khajrat-nyrtastyn-ajeli-tagy-da-yyatkha-khaldy-video-325367

Алғашында кафе қожайындары қызға жақсы қарап, жалақысын уақытында төлеп отырды. Бірақ бір аптадай уақыт өткеннен кейін барлығы өзгерді. Олар Айгүлдің еңбекақысын жеп, ұялы телефоны мен жеке куәлігін тартып алған. Ал қыз құжатын қайтаруды талап еткенде, олар оны соққыға жыққан. 25 жастағы қызды қорлаған азғындар онымен қоймай Айгүлді жергілікті саунада жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

«Кафе қожайындары маған: Егер біздің тұрақты клиенттеріміз шағым түсіретін болса, онда сенің көзіңді құртамыз, деп қорқытты. Олардан қашып кету мүмкін болмады. Себебі, барлық жерде тіпті жатын бөлмеде камералар орнатылған», – дейді Айгүл.

Дегенмен, бір күні ол қызметкерлер мен күзетшілерді алдап, құлдықтан қашып құтылды. Полицияға барудан қорыққан қыз «Сана сезім» құқық қорғаушыларына жүгінді.

https://kaz.365info.kz/atasynan-khorkhatyn-khajyn-atasy-pyshakhtap-oltirgen-akherkenin-tuystary-shyndykhty-ajtty-foto-325370

Құлтықтан әрең қашып құтылған Айгүл енді ешқандай табыс туралы армандамайды. Оның мақсаты ауылына, туыстарына оралу. Қазір заңгерлер бойжеткеннің құжаттарын қалпына келтірумен айналысып жатқанда, онымен психологтар жұмыс істеуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз