Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-8
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

“Сасқан үйрек…”. Путин енді Қазақстанға шабуыл жасауы мүмкін – саясаттанушы

112

АҚШ пен Ресейдің бір-біріне деген өзара өшпенділігі шындап өршіді, бір-біріне айбар көрсетуде. Осы жолы Путин мен Трамп арасында шынайы әскери қарсылық күшейіп келеді.

Әскери-саяси текетіреспен қатар, АҚШ Ресейге экономикалық, финанстық, технологиялық, персоналдық қысымды күшейтіп келеді.

Соңғы санкциялар Ресейдің Қор биржасын құлатты. Ресейде рубль құлады. Ресей олигархтары жыртығын енді Ресей бюджеті арқылы жамайды. Ал орыс халқының тұрмысы онсыз да соңғы төрт жыл бойы қатты төмендеуде.
https://kaz.365info.kz/kozge-korinbejdi-putin-dyniede-zhokh-kharu-zhasap-shykhtykh-dep-eldi-shoshytty-video-305163

Әзірге орыс халқы Путинді қолдап, төзімділік танытуда, бірақ шыдам шексіз емес.

Орыстың империялық өркөкіректігі пен халқының төзімділігі қашан таусылатыны белгісіз.

Бірақ мен бірнеше негативті сценарийді ескертемін:

Біріншіден, осы жағдай жалғаса берсе, Ресей халқының тұрмыс жағдайы құлай берсе,

орыс ағайын «Путин жаман, Назарбаев жақсы» деп, Ресейден Қазақстанға қайта көше бастайды.

Бізде де жұмыссыздық, біздің демографиялық өсім жұмыссыздықты тудырады.

Екіншіден, Ресейге салынған санкциялар біздің экономика мен әлеуметтік салаларға кері әсер етеді. Қазақстан мен Ресей экономикалары 30-60% (әр салада әртүрлі) тығыз байланысты.

Үшіншіден, «сасқан үйрек артымен жүзеді» дегендей,

Украинада, Сирияда соққы алған, Батыстың санкцияларынан таяқ жеген Путин бізден өшін алмақ болып, бізге шабуыл жасауы да мүмкін”,

деп жазыпты Әзімбай Ғали. 
https://kaz.365info.kz/dajyndala-ber-byl-habardy-estigen-putin-tyn-yjkhysynan-ajyrylypty-274653

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз