Біреулер “Кремль жобасы”, тағы бірі “болашақ тиран”, енді біреулер Путиннің орнын баса алатын адам ретінде санайтын Александр Навальный соңғы кездері Ресейдегі жемқорлыққа қарсы толқуларға бас болып жүр. Міне, осындай Навальныйға татитын Қазақстанда саясаткер бар ма?
Бұған Мәскеудегі Карнеги орталығының сарапшысы Андрей Перцев жауап беріпті. Бұл туралы мақала Еxclusive.kz сайтында жарық көрді. Оның пікірінше,
бұл ретте Мұхтар Әблязов белгілі бір деңгейде рөл атқара алады.
Алайда оны ықпалды деп санауға болмайды, өйткені олигархтың бар күші мен шеккен айбаты әлеуметтік желіден әрі аса алмай отыр, – дейді ол.
Бірақ, ресейлік маманның пікірінше, одан да зор күш Қазақстанда бар. Оны „ұжымдық Навальный„ деп салды.
– Оппозиция десе, өкінішке қарай, посткеңестік кеңістікке тән ортақ пайым бар. Біздегі оппозиция – биліктің жасырын қаржыландырып, айтақтайтын қолдан жасаған адамдары. Ал осы жүйеге енбейтіндерді кім дейміз? Мысалы, Қазақстанда Ресейдегідей бүкіл қоғамды жұмылдыра алатын бір Навальныйдай адам жоқ, бірақ „ұжымдық Навальный„ деген бар.
Олар: Айдос Сарым, Досым Сәтпаев, Мұхтар Тайжан, Джохар Өтебеков, Расул Жұмалы, Айжан Хамит және т.б. ондаған қоғам белсенділері.
Міне, тура осы адамдар бүгін қоғамда болып жатқан оқиға мен құбылыстарды шенділердің немесе саясаттың көзқарасы тұрғысында емес, жүйенің төменіндегі адам түсінгісі келетін тілде талдап береді.
Мысалы, Астананың сол жағалауында дөкейлер өзара шайқасып жатқанда әлеуметтік желіде күн тәртібін түзіп, талқылап жатқан басқа элита – бәсекеге қалыпты орта өз ісін дөңгелетіп жатады. Ал ол үшін оларға кінә да таға алмайсыз, өйткені ол арадан өз еліне, жеріне жаны ашу, патриотизмнен басқа нәрсе байқалмайды. Дегенмен мынандай үлкен мәселе тұрғанда олар басқа нәрсені айтып, елдің назарын басқаға бұрды деп түрлі сылтаумен айыптауға болатын шығар. Қалай дегенмен де оларды жолы болмайтын бейбаққа теңеуге тіптен келмейді.
Қазақстандағы “ұжымдық Навальныйдың” бір артықшылығы бар: олардың алға тартқан ұсыныстары қоғамның сұранысына сайма-сай келіп отырады, сондықтан да олардың желіде жариялаған жазбалары көптеп бөлісіліп, қысқа уақыт ішінде үлкен қолдауға ие.
Оларды тек бір нәрсе үшін айыптауға болады. Азаматтық ұстанымын ашық білдіргені үшін. Ал онымен күресуді біздегілер әлі дұрыстап үйрене қоймаған.
Дегенмен олардың өмірдегі Навальныйдан бөлек бір белгісі бар: олардың қызметі, жасаған ісі әлеуметтік желінің шегінен шығып кетпейді.
Иә, кезінде Навальный да онлайнмен жұмыс істеп бастады. Перцевтің пікірінше, «интернеттегі оның маңына топтасқан адамдар 2011-2012 жылдарғы бас көтеруге түрткі болды. Адамдар көшеге шығып көруге тырысты, бірақ митингке қатысушылар ұйымын құра алмады. Ондай офлайн-құрылым 2013 жылғы Мәскеу мэрі сайлауында Навальныйдың штабында болды. Сөйтсе интернетте бұғып, тасада тас ататындар нақты өмірде де бой көрсете алатын болып шықты. Қазір осы тетікті Навальный президенттік сайлау алды кампаниясында да пайдалануды ойластырып отыр екен.