Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Сайран” автовокзалы күрделі жөндеуден өтетін болды

Бірнеше күн бұрын ғана Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдарының қызмет көрсету сапасын жақсарту және оларды күрделі жөндеу бойыынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлескен жұмыс жоспары қабылданған. Бүгінгі таңда мегаполистің автобус вокзалдары жаңғыртуды қажет етеді. Мысалы «Сайранның» вокзал жанындағы аумағы бегілі бір дәрежеде тұрғызылған, ал аталмыш ғимараттың бірінші қабатының қаптамасы мен қасбеті кеңестік модернизм түрінде жасалған.

Ішкі туризмді дамытуды есепке ала отырып, Бауыржан Байбек вокзалдың жанындағы аумақты тәртіпке келтіріп, күн сайынғы жолаушылар ағыны 1200 адамға жететін автовокзалдың ғимаратына жөндеу жүргізуді тапсырды. Яғни, заңнамаға сәйкес аталған нысанды жергілікті маңыздағы ескерткіштер тізіміне енгізу көзделіп отыр.

Айта кетерлігі, бұрын мегаполис басшылығы құны 20,2 млрд теңгелік «Батыс» автовокзалының құрылысы бойынша жобаны кері қайтарған болатын. Алматыдағы «Сайран» автовокзалының ғимараты жөнделетін болды «Қаладағы күрделі жөндеу бойынша өткен жылы басталған жұмыстар аясында біз Алматыға тарихи келбетін қайтарып бергелі отырмыз.

Ең бірінші кезекте, ғимаратты әу бастағы түр-сипатына қайта келтіріп, жолаушылар ағыны логистикасын сарапшыларды шақыра отырып, қайта қарау керек. Демек, тың амалдар арқылы біз тарихи ғимаратты қалпына келтіріп жатырмыз. Вокзал – қаланың көліктік хабына айналуы тиіс», – деді Бауыржан Байбек.

Алматыдағы «Сайран» автовокзалының ғимараты жөнделетін болды Қазіргі уақытта автовокзалдың аумағындағы заңсыз құрылыстарды демонтаждау жұмыстары басталып кеткен.

Бұл жерде сауда көркін қыздырған кәсіпкерлерге жеңілдетілген шарт бойынша сауда орталықтары мен аудан базарларында орын ұсынылатын болады. Алматыдағы «Сайран» автовокзалының ғимараты жөнделетін болды Жұмыс барысында Алматы әкімі қала шетіндегі маршруттарға қызмет көрсету бойынша «Саяхат» автобекеті мен оған жататын аумақты тексеріп шықты. Жер телімдерінің иелері қысқа мерзімнің ішінде аумақты абаттандыру бойынша жұмыс бастап, оны дамытудың нақты тапсырмасын тапсыруға міндеттелді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз