Гәстрөлдік сапарлардан ұлына дұрыс көңіл бөлмей қаламын деп қорыққан шығар, бәлкім. Әнші Ерке Есмахан ұлымен бірге гәстрөлге де, сахнаға да шықты.
Кішкентай Мүслімнің халық алдына шыққан алашқы қадамын әнші өзінің Инстаграм парақшасына жүктеді.
“Ақжайықтың ақжарқын көрермендері! Мың алғыс, жақсы көремін сіздерді! Бүгіннен бастап Мүслім менімен гастрольдетіп бірге жүреді біраз, Ақтөбеден қалмай еріп шықты!
Бастамасы жаман емес! Халықтың ықыласына бөленіп мәз! Түрінен білінбеседе, эмоциясының бәрі ішінде! Тұрысын-ааай! Әдейі емес, ойнап жүріп шыға салды саxнаға! Тиіспеңіздерші балаға! Бақытты болыңыздар!” – деп жазды Ерке желідегі парақшасында.