Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Сағадиев: Ағылшынша үйрене алмаған мұғалімдер қайтадан оқиды

«Келесі жылы бағдарламаны жетілдіріп, кеңейтуді жоспарлап отырмыз, ал қазір өзгерістер мұғалімдермен талқылануда. Бұл Қазақстан үшін жаңа тәжірибе, біз курстардан өткен мұғалімдермен сөйлесіп, олардың қайта дайындауға қатысты ұсыныстарын жинап жатырмыз. Кей кісілер үшін уақыт аз болғаны түсінікті. Кім үлгермеді, ол әрі қарай оқуы керек, біз осыған жағдай жасаймыз. Расында, белгілі бір деңгейге жетпеген мұғалімдерді мектепке сабақ беруге жіберуге болмайды, бірақ уақыт бар» деді Сағадиев.

Қазіргі тәртіп бойынша ағылшын тілі курсын оқу мерзімі – 9 ай, енді оны қайта оқу мәселесі қаралып жатыр.

«Көбі меңгеріп алатанына сенімді, кейбірі меңгеріп те алды. Біразы тілді бұрыннан білетін, енді біразы өз беттерінше үйреніп жатыр» деді министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз