2003 жылы АҚШ пен Ұлыбритания әскерінің шабуылынан кейін Ирак елінің үкіметі құлаған еді.
Елге шабуыл жасау үшін тапқан себебі – Бағдадта жаппай қырып-жою қаруы бар-мыс деген ақпарат.
Саддамның соты жарты жылға созылған.
2006 жылдың қараша айында дарға асып өлтіру туралы үкім шықты. 30-шы желтоқсанда сот үкімі жүзеге асырылды.
Сарапшылардың пікірінше, сол кезде Иракқа басып кірген Америка мен оның одақтастары сылтауды ойдан құрастырған.