Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Риддер тұрғыны кісі өлтіріп, денесін бақшаға көміп жатқан жерінен ұсталды (видео)

Кадрда белгісіз біреу адамның денесін сүйреп бара жатқаны анық көрінеді. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері ер адамды тұтқындап, уақытша қамау оқшаулағышына тоғытқан.

«Анықталғандай, 29 жастағы күдікті өз үйіне 45 жастағы ер адамды қонаққа шақырған. Олар бірге арақ ішіп, сөзге келіспей, ақыры кикілжіңдері төбелеске ұласады. Осының салдарынан қонақ ажал құшқан. Ал үйдің иесі мүрдеден құтылмақ болған секілді», – деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Полиция қазіргі таңда істің мән-жайын анықтап жатыр. ҚР ҚК-тің «Кісі өлтіру» бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіле бастады.

Үрейлі кадрлар қазір «кісі өлтіруші ер адамды өлтіріп, таңертең бақшаға көміп тастамақ болған» деген атаумен әлеуметтік желіде тарап кетті.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз