Ресейлік туристердің жазда демалғысы келетін жақын шетелдердегі демалыс орындарының рейтингі жарияланды. Оның ішінде Қазақстанның Бурабай демалыс орны үштікті түйіндейді. Бұл туралы ресейлік туристік қызмет сайты — Travel.ru жариялаған.
ТМД елдеріндегі ең үздік туристік демалыс орындарының тізімі:
1. Ыстық көл, Қырғыз Республикасы.
2. Батуми, Грузия.
3. Бурабай, Қазақстан.
4. Сухуми, Абхазия.
5. Нарочь, Беларусь Республикасы.
Сайтта Ресейдің де демалыс орындары өз алдына бір бөлек сараланған. Мысалы, туристер көп тоқтайтын демалыс орындардың ондығына енетіндер: Сочи, Анапа, Ялта, Геленджик, Кисловодск (Ставрополь өңірі), Зеленоградск (Калининград облысы), Листвянка (Байкал көлі), Севастополь, Ейск және Евпатория.