Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ресейге қарсы санкцияның Қазақстанға түк қатысы жоқ – АҚШ елшісі

Мен Сіздерге бұл санкцияның Қазақстан экономикасына ықпалы бар екендігін айта аламын және Қазақстан тарабы бұған айрықша алаңдаулы. Біз бұл мәселеде қазақстандық серіктестермен кеңесуге уағдаластық.

Мәселен, Конгресс қабылдаған заңнамалар бойынша және басқалары. Бұл заңнамалар қалай әрекет ететіндігіне қатысты қазақстандық серіктестермен кеңесулер бар және ол жалғаса да береді. АҚШ тарабы бұл санкциялардың Қазақстанға, осы жердегі қазақстандық бизнес пен америкалық бизнеске теріс әсер етпеуіне ниеттестік танытып отыр», – деді елші.

Сонымен қатар Джордж Крол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ пен Ресей көптеген халықаралық мәселелерді шешу үшін бірлесе жұмыс істеуі тиіс деген мәлімдемесін америкалық тарап қолдайтындығын баса айтты.

Айта кетейік, қаңтар айының 17-сінде Ақ үйде Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамппен екеуара кездесуден кейін бірлескен мәлімдеме жасау барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен АҚШ көптеген халықаралық мәселені бірлесіп шеше алатындығын айтқан еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз