Ресей-Қазақстан шекарасындағы жантүршігерлік апаттан қаза тапқандардың Өзбекстан азаматтары екені анықталды. Саратов облысынан Оралға бет алған қоғамдық көлік жүк пойызымен соқтығысып, 5 жолаушы жан тапсырған еді.
“Қазіргі таңда белгілі ақпарат бойынша автобуста 7-і адам болған. 5 адам қаза тапты. Қаза тапқандардың барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары болып шықты. Тірі қалған екі азамат Қазақстанның азаматтары.Олардың туыстарымен байланыс орнаттық”,деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.
Апаттан аман қалған автобустың жүргізушісі мен оның көмекшісі Түркістан облысының тумалары. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, ауыр халде Саратов облысының ауруханасына жеткізілген отандастарымыздың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Айта кетейік, қайғылы оқиға Саратов облысындағы Озинск елді мекенінің маңында болған. Адын ала мәлімет бойынша, бағдаршамның қызыл түсін елемей, темір жол өткеліне шығып кеткен қоғамдық көлікті жүк пойызы қаққан. Жол апатының себебі анықталып жатыр.