Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-13
USD
522
0.00
EUR
544
0.00
RUB
5.05
0.00

Ресей мен Түркия: қарым-қатынастың беріктігін тексеретін украин тесті

144
Фото: vestikavkaza.ru

Мәскеу үшін Қырым мәселесі өте ұрымтал тұсы болып қала беретіні анық. Ресейлік саяси ортасы Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанның түбекті Ресей аймағы ретінде мойындамайтыны туралы мәлімдемесіне, сондай-ақ Украинаның “Қырым платформасын” құру жөніндегі бастамасын қолдағанына жай отындай бірден жауап берді.

Осылайша, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Түркия билігін “Украинаның милитаристік күйін жандандыра түсуден” сақтандырды

Шиеленіс элементі

Айта кету керек, Анкара Қырым мәселесі туындаған күннен бастап Қырымның Ресей Федерациясына қосылғанын мойындамау туралы түбегейлі шешім қабылдады. Алайда, Донбасс мәселесіне қатысты түрік билігі Минск келісімдері негізінде жанжалды шешудің дипломатиялық әдістерін қолдануға шақырып, икемді ұстаным ұстанып отыр.

Осыған байланысты Украина президенті Владимир Зеленскиймен әскери-техникалық ынтымақтастықты кеңейте түсу бойынша алдағы  жоспарларын талқылай отырып, Түркия басшысы өзара іс-қимылдың мұндай үлгісі үшінші бір елге қарсы бағытталмағанын атап өтті.

Бұл саяси мәлімдеме, Ресей тарапына арналғаны сөзсіз

Сонымен бірге, түрік-украин әскери серіктестігінің күшеюі Мәскеуде дүрбелең туғызбаса да, Анкара Украинаның аумақтық тұтастығын қалпына келтіру үшін Киевпен күш-жігерді үйлестіруге ниетті екендігі екі жақты қатынастарға шиеленіс элементін енгізеді.

Сәуір айының басында Ресей басшылығы 2021  жылдың 1-маусымына дейін Түркия аумағында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны жоғары болуына байланысты Түркиямен әуе қатынасын тоқтата тұру туралы шешім қабылдады, бұл Мәскеу мен Анкара арасындағы қарым-қатынасқа қосымша соққы болды.

Әлбетте, бұл шара уақытша құбылыс және ең алдымен эпидемиологиялық жағдайға байланысты болып табылады. Қазіргі уақытта ресейлік туристердің Түркияға бару мәселесін шешу үшін Түрік СІМ және туризм министрлігі басшыларының Мәскеуге келуі мүмкін екендігі талқылануда.

Жалпы, Ресей мен Түркия қарама-қайшылықты риториканы күшейтуге мүдделі емес. Ресей мен Түркия экономикаларының өзара бірін-бірі толықтырып отыруы жоғары деңгейде болғандықтан, Мәскеу мен Анкараның қол жеткізілген диалогтың жоғары деңгейін сақтауға ұмтылатынын білдіреді, бұл жағдайдың қауіпті шиеленістердің белең алуына бірнеше рет тосқауыл болған еді.

Автор: Лидия Пархомчик, Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) сарапшысы

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз