Ақ үй жаңа әкімшілікпен кездесуге дайындалып жатыр, бірақ Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қару-жарақты шектеу туралы қолданыстағы жалғыз шартты ұзарту туралы мәселе ашық күйінде қалып отыр.
СНВ-3-ты ұзарту бойынша шарттар мен мерзімдердің айқын болмауы халықаралық қауіпсіздік архитектурасының соңғы тіректерін сілкіндіріп жатыр. Жаһандық стратегиялық тұрақтылықтың эрозия қаупі күшейе түсуде.
Іс жүзінде қатысушылар келісімге енгізілетін ықтимал толықтыруларды талқылаудың барлық уақытша лимитін сарқып алды. Ресей басшылығы СНВ-3-ті автоматты түрде жаңартқан жағдайда ғана диалогты жалғастыруға болатыны жайлы Вашингтонға сигнал жіберуді жалғастыруда.
Бұл нақтысында Джо Байден әкімшілігіне бағытталған белгі, ол жақын арада ядролық тежеу бойынша саясатты қалай жалғастыратыны жайлы ойлануы керек болады. 2021 жылдың 20 қаңтарындағы инаугурациядан кейін 16 күн ішінде АҚШ-тың жаңа басшысы шарттық мерзімі аяқталуға жақын СНВ-3 жағдайын шешуі қадет болады.
Қазіргі уақытта Дональд Трамп әкімшілігі Ресей жақ стратегиялық қару-жарақты тоқтату шарттарын талқылаудан бас тартып, қасақылық жасап отыр дегенге сенеді.
АҚШ президентінің қару-жарақты бақылау жөніндегі арнайы өкілі Маршалл Биллингсли қолданыстағы келісім Ресейдің стратегиялық қару-жарағының едәуір бөлігін қамтымайтынын бірнеше рет айтқан. АҚШ-тың ұстанымына сәйкес, тежеуші факторлар болмаған кезде Ресей жаңа ядролық жарыстың алғышарттарын жасай отырып, СНВ-3-ке жатпайтын арсеналын көбейтті.
Нәтижесінде Вашингтон қолданыстағы шектеулерге қосымша ядролық оқтұмсықтар өндірісін тоқтату шарттары туралы келіссөз жүргізуге кепілдік алғысы келеді. Осы тұжырымдамаға сәйкес, келіссөздердің соңғы нүктесі оқтұмсықтардың барлық түрлерін қамтитын негізгі келісімге қол қою болуы керек еді.
СНВ-3 реттеу саласын кеңейту ядролық қаруды таратпау режимін құрудағы нағыз серпіліс болар еді. Алайда Мәскеу бұл тәсілді шамадан тыс деп санайды.
АҚШ бастапқыда Қытайды тартуды талап еткенін ескерсек, онда келіссөздердің қисыны түбегейлі жаңа құжат әзірлеуге әкеледі.
Вашингтон айтып отырған тактикалық тасымалдаушы және қысқа қашықтықтағы жүйелерде орналастырылған ядролық қару-жарақтың көлемін ұлғайту туралы мәселелер егжей-тегжейлі талқылауға лайық.
Алайда, қазіргі уақытта таразының бір жағында халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің ең болмағанда нәзік құрылымын сақтау мүмкіндігі болса, екінші жағында — бұл жүйені толығымен демонтаж жасау қаупі бар, бұл жаһандық ядролық қару жарысының елеулі қаупіне әкелуі мүмкін.
Жалпы, Дональд Трамптың кетіп бара жатқан әкімшілігі Ресеймен қару-жарақты шектеу жөніндегі кез-келген болашақ мәмілелердің “мүмкін болатын ең төменгі” шарты деп санайды, Мәскеу үшін бұл іс жүзінде қолайсыз.
Әлемдік қоғамдастық елдері, оның ішінде Қазақстан да АҚШ пен Ресейді бірнеше рет сындарлы диалог форматына оралуға шақырды. Әлбетте,
келіссөз кідірісінен шығу тараптардың өзара қолайлы ымыраға келуге дайын болуына итермелейді
СНВ-3 айналасындағы шиеленісті ұзарту арқылы ғана ядролық қаруды шектеудің басқа аспектілерін, соның ішінде ПРО жүйелеріне және гиперсониялық жеткізу құралдарына қатысты мәселелерді талқылауға көшу мүмкіндігі ашылады.
Автор: Лидия Пархомчик