Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
7
USD
483
-0.37
EUR
534
-1.57
RUB
5.08
-0.04

Референдум алматылықтарды бірнеше топқа бөлді — сарапшы

Конституцияға енгізілген түзетулер бойынша өткен референдумға Алматы тұрғындарының үштен бірі ғана келді — бұл республикадағы ең төменгі нәтиже. Жалпы қала тұрғындары мәслихат сайлауынан бастап президент сайлауына дейін осыған ұқсас барлық шараға әрқашан салқынқанды қарайды.

Экономист және қоғам қайраткері Петр Своик бұл құбылысты бір ғана сөзбен түсіндіру мүмкін емес дейді. Оның пікірінше, мұнда бәрі әлдеқайда күрделі.

Саяси акт ретінде қатыспау?

— Петр Владимирович, сізге экономист ретінде емес, қоғам қайраткері ретінде сұрақ. Өткен референдумда Алматы қатысу бойынша ең төмен көрсеткішті көрсетті — бар болғаны 33%. Неге бұлай болды, қалай ойлайсыз? Саясатқа араласқысы келмейтін алматылықтардың көп болғаны ма? 

— Әрине, бір жағынан, Оңтүстік елордадағы ең төмен көрсеткіш қала тұрғындарының саясаттан алыс екенінің нәтижесі болды деген пікірмен келісуге де болады.

Бірақ сол негізде біз бұл аз көрсеткішті ең жоғары саясиландырылу деуге де болады

Өйткені, мұнда бәрі аралас, қорытынды жасау қиын. Топтар бойынша жүріп өтейік.

Біріншіден, бәлкім, халықтың бір бөлігі үшін референдумға келмеу де саяси әрекеттің бір түрі. Алматылықтардың саяси жағдайға да, өз өміріне де, болашағына да наразылығы ретінде. Сондықтан қалалық билік те, Қазақстан билігі де бұл туралы ойлануы керек.

— Ал сіз осы екі тұжырымның қайсысымен келісесіз?

— Мен алматылықпын, саяси және қоғамдық тәжірибем бар,

сондықтан біздің тұрғындар көп жағдайда саяси сауатсыз деген пікірмен мүлдем келіспеймін

Әрине, ондайлар да бар, бірақ мүлдем басқа топ та бар.

— Сіз азаматтар өз өміріне, соның ішінде әл-ауқатына наразы болғандықтан референдумға бармауы да мүмкін деп айттыңыз. Бірақ 80%-дан астам нәтижемен  қатысу бойынша көшбасшы Түркістан облысы елдегі ең кедей өңірлердің бірі. Олар неге наразы емес?

— “Ең кедей” деген анықтамаға ең тәртіпті дегенді де қосайық. Ең “билікке бағынатын” аймақ дер едім.

— Алматы облысында 72 пайыз, тіпті Нұр-Сұлтанда 57 пайыз. Соңғысында шенеуніктердің көптігімен түсіндірілетін шығар.

— Алматы облысы Түркістан облысының дәл көшірмесі. Ал елордада шын мәнінде осындай себеп — мемлекеттік қызметкерлер көп, олар жұмысы болған соң барды.

Қаңтар алматылықтарды қатты қорқытты және шошытты

— Сонымен, алматылықтар саясатқа қызығушылық танытуда. Бірақ саясиландырылуы әрқилы, соның ішінде билік пен реформаларды қолдайтындар да бар. Бұл жағдайда қатысу әлі де жоғары болуы керек еді.

— Мен мұндай төмен көрсеткіш — жоғары саясиландырылудың нәтижесі деп айтқым келмейді. Менің ойымша, мұнда бәрі аралас. Иә, кейбір алматылықтар үшін референдумға келмеу наразылық білдірудің саяси актісіне айналды. Бірақ бәрі үшін емес.

Әрине, бұл жерде Тоқаевты қолдайтындар да көп, әсіресе қаңтардан кейін

Өйткені, дәл осы Алматы бәрінен де көп зардап шекті, мұндағы адамдар сол оқиғалардан қатты шошып, қорқып қалды.

Ал өткен референдум шын мәнінде Конституцияға енгізілген түзетулер бойынша емес, президент Тоқаевқа сенім білдіру бойынша көрсеткіш. Ал қатысудың төмен көрсеткіші — күрделі процестерде артықшылықтар  мен минустардың тығыз байланысында, нақты жауап жоқ.

— Кейбіреулер алматылықтар өте жұмысбасты деген пікірді айтып жатыр. Олардың жоспары көп, әрдайым бір жерге асығып жүреді, ал референдумдарға баруға уақыт та, қалауы да жоқ.

— Мұндай да топ бар.

— Сонымен, біз үш түрлі категорияны анықтадық, олардың әрқайсысы өз себептері бойынша дауыс беруге бармады. Кейбіреулер саясаттан тыс, екіншісі наразылық ретінде, ал үшіншісі — уақыт жоқ. Олардың ішіндегі ең үлкені қандай деп ойлайсыз?

— Болжам жасап отырмас үшін, үшеуі де тең деп есептейік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз