Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Ж.Асанов Мемлекет басшысына прокуратура органдарының қазіргі және перспективалы жоспарлары туралы, сондай-ақ елдегі құқық тәртібі мен заңдылық ахуалы туралы баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев прокуратура органдарына қоғам мен мемлекет өмірінің барлық саласында, әсіресе халық үшін әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу аясында азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды міндет жүктелгенін де айтты.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.