Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Путин неге жылады?

Ресейліктер Путиннің көзіне жас алып, жылап тұрғанын өте сирек көреді. Бірақ 18 жылдық «Путин дәуірінде» көп трагедияның болғаны сөзсіз. Соның бірі – 2000 жылы 24 ақпанда болған Анатолий Собчактың орынсыз қазасы. Собчак – Горбачев пен Ельцин сияқты Кеңес Одағы құлаған сәтте басшылар қатарында болған азамат. Және МҚК қызметкерлерінің арасынан жап-жас жігіт Владимир Путинді таңдап, болашақ президентті дайындаған реформатор.

2018 жылы 18 наурызға жоспарланған президент сайлауына 8 кандидат қатыспақ, соның негізгісі – Владимир Путин. Бір қызығы, 8 кандидаттың ішінде Ксения Собчак та бар. Ол Путиннің ескі досы Анатолий Собчактың қызы.

Ксения жақында «Казинодағы сияқты, үнемі казиноның өзі жеңіске жетсе, Ресей демократиясында да тек Путиннің жеңері сөзсіз» деп сұхбат берді.

Ксения Собчак – бұрынғы реалити-шоу тележүргізушісі, 36 жасар оппозиционер-журналист. Ал нағыз оппозиционер кандидат Алексей Навальный сайлауға қатысу құқығын иелене алмады. Олар Ксенияны Путиннің ескі досы, тек сайлауға «шынайы» атмосфера сыйлау үшін жақсылап ойнап беретін Кремль қуыршағы деп баға берген.

Еске салайық, Анатолий Собчак Санкт-Петербург қаласының мэрі қызметін атқарған, ал Путин оның орынбасары болған. 1990 жылдары жемқорлыққа бой алдырды деп айыпталған сәтте, Путин Собчакты шетелге шығарып салып, құтқарып қалған. Алайда, алғаш рет Владимир Путин президенттікке сайланған соң, оның ескі досы Анатолий Собчак 62 жасында қонақ үйде қаза тапты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз