Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Петропавлда бір жыл бұрын салынған бөгет жарамсыз болып шықты

«Подгора» шағынауданының тұрғыны Дмитрий Фирсовтың үйін өткен жылғы су тасқыны кезінде еріген қар сулары шайып кеткен. Ол жағдайдың қайта қайталануынан қорқады.

«Дамбылар қыс мезгілінде, аяз кезінде салынды. Сол себепті топырақ мұз болып, кейін отырды. Қазір жарықтар жан-жаққа таралып кеткен. Бұл бізді қатты алаңдатады, себебі қорғаныс бөгеті өте нашар жағдайда. Оны жөндеу немесе нығайту жұмыстары мүлде жүргізіліп жатқан жоқ», – деді Дмитрий Фирсов.

Бұрын бұл аумақтан Ресей шекарасына апаратын республикалық маңызы бар айналма жол өтетін. Өткен жылы су тасқынынан кейін билік биіктігі үш метр болатын жер бөгет тұрғызып, көлік қозғалысын шектеген. Алайда тоған күтімсіз қалды, осылайша бұзыла бастаған. Валерий Штанденконың айтуынша, бөгетті жөндеуге арналған техникалар тартылмаған.

«Қазір грейдер жіберіп, жолды тегістеп, нығайту керек. Бетон плиталармен бекітіп, қарсы жақтағыдай ретке келтіру қажет. Көктемде қойылған құм салынған қаптар сол күйі жатыр, ешкім қозғамаған», – деді Валерий Штанденко.

Петропавлдағы әкімдік өкілі Тимур Жұманов мәселені жергілікті билік білетінін және бақылауда ұстап отырғандарын айтады.

«Бұл нысан тұрақты түрде техникалық бақылауда. Кепілдік міндеттемелерге сәйкес, мердігер компания топырақ үйіндісін нығайту және қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті. Барлық іс-шара толық көлемде орындалады», – деді Тимур Жұманов.

Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысында ұзындығы 32 шақырымнан асатын 8 жер тоғаны салынған еді. Олардың көпшілігі бетонмен нығайтылған. Алайда «Подгора» аумағындағы тоған бетон қоспасымен бекітілмегендіктен, қысымға шыдамай жарылып кеткен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз