Павлодар облысында супервайзерлердің көлігінен 8,5 миллион теңгені жымқырған бұзақылар құрықталды. Беттерін медициналық маскамен тұмшалап алған үш адам, ауданға темекі өнімдерін өткізуге шыққан саудагерлерді тапаншамен қорқытып, сейфтегі ақшаны түгел алып кеткен.
Оқиға Достық ауылында орналасқан дүкен маңында орын алған. Онда темекі өнімдерін жиі таситын супервайзерлерді бірнеше күн бойы аңдыған бұзақылар, оларды трамватикалық тапаншамен қорқытып, тауар тиелген газель ішіндегі сейфті ашуларын бұйырыпты.
Артынша, ондағы 8 жарым миллион теңгені алып, іздерін суытқан Ал полицейлер бұзақыларды 4 сағат ішінде іздеп тауып, қамауға алыпты. Ұрланған ақшаға олар шылым мен шарап алып үлгерген.
“Бұзақылар тапаншамен жәбірленушілерді қорқытқан.Әйтеуір оқ атып, ешкімді жарақаттамаған. Құрықталған үш азамат қазір уақытша қамау изоляторында тергеліп жатыр. Кінәлары дәлелденген жағдайда, 10 жылға дейін сотталулары мүмкін”, деді криминалды полиция басқармасы басшысының орынбасары.