Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Парламент БАҚ туралы заңды қабылдады

Министрдің сөзіне қарағанда, әкімшілік жүктемелер мен шектеу шараларын азайту мақсатында бірқатар жеңілдіктер жасалмақ. Атап айтқанда, аздаған құқық бұзушылықтар үшін газеттің тиражын тәркілеу немесе БАҚ-тың қызметін тоқтату сияқты жазаларды алып тастау көзделген.

Бұдан бөлек, ақпарат құралдарын шындыққа сай келмейтін ақпаратты таратуға қатысты жауапкершіліктен босататын себептер қатары да ұлғаяды.

Бұл өзгеріс мемлекеттік органдардағы БАҚ-пен байланыс жөніндегі өкілетті тұлғаға ерекше жауапкершілік жүктейді.

“Тағы бір мәселе, бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтардың суретін қандай жағдайда рұқсат сұрамай жариялауға болатыны айқындалды. Мысалы, ол көпшілік жаппай қатысатын мәдени, спорттық және басқа да шараларға, жұрт алдында сөз сөйлеуге қатысты”, — деді министр.

Сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккен баланың жеке басын анықтайтын кез келген ақпаратты,оның суретін ақпарат құралдарында жариялауға шектеу қою ұсынылып отыр.

“Сонымен қатар, күмәнді ақпаратты жариялағанда туындайтын дауларды сотқа дейін реттеу тәртібін өзгерту жоспарлануда.

Бұл мәселеде тараптарды тең мүмкіндікпен қамтамасыз ету маңызды. Бұған қоса, заң жобасында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүддесі де ескерілді. Мемлекеттік тілдегі жарнамалардың тең бөлінуі, сондай-ақ “балаларға арналған, діни және ағарту телебағдарламалары” сияқты ұғымдарды нақтылау бойынша шешімдер ұсынылды”, — деді ол.

Әрбір мемлекеттік органда БАҚ-пен жұмыс істейтін уәкілетті тұлға немесе құрылымды айқындау ұсынылып отыр. Бұл баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтерінің рөлін күшейтуге мүмкіндік береді, деген сенімде заң жобасын әзірлеуші министрлік.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз