Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Өзбекстанда вакцина алмаған адамдар жұмыстан шығарылуы мүмкін, ал науқастар өз есебінен демалысқа жіберілуде – БАҚ шолуы

288
коронавирус

Өзбекстанда ковидті жұқтыру салдарынан уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы алатын адамдар өздеріне тиесілі төлемдерді уақтылы ала алмай отыр, деп хабарлайды Озодлик. Кейбір аймақтарда науқастарға жәрдемақы мүлде берілмейді.

Портал сонымен қатар пациенттерді көбінесе өз қаражаты есебінен демалыс алуға мәжбүр етіп жатқанын мәлімдеді.

Кейбір кәсіпорындарда жұмысшыларды жұмыстан шығарамыз деп вакцина алуға мәжбүрлеуде. Бұл туралы журналистерге Хорезм облыстық «Худудгаз» газбен жабдықтау кәсіпорны қызметкерлерінің бірі айтты.

– Үш айдың ішінде біздің екі әріптесіміз коронавирус жұқтырды. Олар қазір еңбек демалысында. Жалақысыз, ақшасыз қалды. Оларды өз қаражаты есебінен еңбек демалысына өтініш жазуға міндеттеді.

Белгілі болғандай,

егер қызметкер өз еркімен демалысқа шықса, оған жалақы да, еңбекке жарамсыздығына байланысты төлемдер де берілмейді екен

Біздің басшылық вакцина салғызуымыз керектігін айтты. Әйтпесе жалақысыз әрі ақшасыз қаласыңдар деді. Сондықтан қазір біздің кәсіпорынның барлық қызметкерлері қытайлық вакцина немесе “Спутник” болсын, әйтеуір тезірек вакцина салдырдытуға тырысып жатыр, – дейді әңгімелесуші.

Мирзиёевтің жарлығымен науқастарды жұмыстан шығаруға тыйым салды

Қашқадария облысы Касан ауданындағы мұнай-газ ұңғымаларын сынау кәсіпорнының қызметкері коронавирусты жұқтырғаннан кейін қалай өз қаражаты есебінен демалысқа кетуге мәжбүр болғанын айтып берді.

– Біздің компанияда ковидпен  ауырып жатқан барлық қызметкерлер ақысыз еңбек демалысын алуға мәжбүр. Қиын уақытта адамдарды өз есебінен демалысқа жіберу адамгершілік пе? – деді есімін жарияламауды сұраған әңгімелесуші.

Өзбекстан президентінің 2021 жылы наурызда қабылданған жарлығына сәйкес, коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе жұқпалы ауру жұқтырғанына күдік бар болғандықтан карантинге жатқызылған адамдар, сондай-ақ 14 жасқа толмаған балаға күтім жасайтын адамдар,

уақытша еңбекке жарамсыздық жөнінде орташа жалақының 100% мөлшерінде жәрдемақы алуы тиіс

Жарлық сонымен қатар жұмыс берушінің бастамасы бойынша ковидпен жұқтырған қызметкермен еңбек шартын бұзуға тыйым салады.

Неліктен адамдарға жәрдемақы берілмейді?

Өзбекстанның Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігінің заңгері

еңбек құқықтары бұзылған жағдайда азаматтар сенім телефонына хабарласа алатынын айтты

– Коронавирусқа байланысты Форс-мажор жағдайлар бүкіл әлемде болып жатыр. Қиын жағдайға тек жұмысшылар ғана емес, жұмыс берушілер де тап болады. Неліктен ковид жұқтырған науқастар уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы алмайды немесе кешіктіріп алады деген сұраққа тек денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері жауап бере алады. Себебі бұл мәселемен денсаулық сақтау министрлігі айналысады.

Жұмыс берушінің өз қызметкерін мәжбүрлеуге құқығы жоқ. Егер мұндай жағдайлар шынымен орын алса, азаматтар біздің министрлікке хабарласа алады, біз оларға міндетті түрде жауап береміз.

Вакцина туралы айтатын болсақ, егер қызметкер вакцинациядан бас тартса,

жұмыс беруші оны кәсіпорын аумағына кіргізбеуге құқылы

Егер бір адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алмаса және ауырып қалса, онда ол он адамға қауіп төндіруі мүмкін. Жұмыс беруші өз кәсіпорны мен жұмысшыларының қауіпсіздігі туралы ойлана отырып, қатаң талаптар қоюға құқылы, – деді министрліктің заңгері.

3 тамыздан бастап елімізде қызметкерлердің міндетті түрде вакцина алуы  туралы заң күшіне енді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта (мақала 9 тамызда жарияланған)

ел ауруханаларында 10 мыңға жуық пациент емделуде, тағы 3 мыңы үйде емделуде

2,4 мың адамның жағдайы ауыр, 890 адамның жағдайы өте ауыр деп бағалануда.

Ауруханаға дәрігерлер қажет емес пе?

Сонымен қатар, Ташкент облысы, Ангрен қаласындағы орталық көпсалалы емханада жүзден астам дәрігер мен медбике «жұмыстан шығарылмақ». Болжам бойынша, Өзбекстанның Денсаулық сақтау, Қаржы және Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігінің бірлескен қаулысы негізінде.

20 жылдан астам жұмыс өтілі бар медбикелердің бірінің айтуынша, медициналық мекеме басшылығы оларға  жарты мөлшерлемемен  жұмыс істеуді ұсынған.

– Біздің емханада 200-ден астам медбике бар. Басшылық оларды еш тексерусіз жұмысқа алған. Енді оларды жұмыстан шығара алмайды, өйткені мұнда ақша рөл атқарады.

Оларды қысқартудың орнына, басшылық 15-20 жылдық жұмыс өтілі бар медбикелердің жалақысын қысқартып, жарты мөлшерлемемен жұмыс істеуге шешім қабылдады

Медбикелердің 60%-ының балалары келісім-шарт негізінде оқиды, медбикелердің 90%-ында несие бар. Жарты мөлшерлемемен жұмыс істейтіндер 600 мың сом (шамамен 60 доллар) жалақы алады. Кейбіреулерге 0,25 мөлшерлеме бойынша жұмыс ұсынылады, ол үшін 300 мың сом (шамамен 30 доллар) төленеді”, – дейді медбике.

Тағы бір жоғары санатты медбике мұндай қысқарту оның отбасын кедейлік шегіне түсіреді деп қорқады.

– Қазір маған 0,5 мөлшерлеме бойынша жұмыс ұсынылды – 850 мың сум (80 доллар). Ай сайын мен 500 мың сом (50 доллар) несие жабуым керек. Екі ұлым келісімшарт негізінде оқиды. Жалдамалы пәтерде тұрамын. Жағдайымды бас дәрігерге түсіндірдім. 0,25 ставка бойынша тазалаушы болып жұмыс істеуіме рұқсат беруін сұрадым. Мен еден жууға, сыпыруға, барлық жерді тазартуға келістім, бірақ бас дәрігер келіспеді, – деді ол.

Қысқартуды үш министрлік мақұлдады

Ангрена қаласының Орталық көпсалалы емханасының меңгерушісі Мамлакат Саидкулова медицина кадрларын оңтайландыру

үш министрлік бекіткен қаулы негізінде жүзеге асатынын

айтты және медициналық мекеме басшылығы дәрігерлер мен медбикелерді жұмыссыз қалдырмауға тырысады.

– Бұрын штат халық санына қарай бекітілетін. Бірақ 1-шілдеден бастап денсаулық сақтау министрлігі үш Министрлік қабылдаған жаңа штат кестесін бекітті. Ыңғайлы жағдай жасау үшін сала мамандарын отбасылық емханаларға жұмысқа жіберді. Алайда, олар біздің медбикелерімізді жұмысқа қабылдаудан бас тартты, сондықтан олар жұмыссыз қалуда. Бұл мәселені талқылап, медбикелерді өзімізге қалдыруға шешім қабылдадық, оларға жарты мөлшерлеме негізінде жұмыс ұсынылды. Біз олардан әзірге осындай режимде жұмыс істеуді сұраймыз, әрі қарай пациенттерді ақылы негізде қабылдауды дамытамыз деп уәде береміз. Бірақ медбикелер күткісі келмейді, – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз