15 маусымда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев дін өкілдерімен видеоселекторлық жиналыс өткізді. Он мыңнан астам адам қатысқан жиында мемлекет басшысы “қара тізімге” іліккен мұсылмандар істерін қайта қарау қажеттігі туралы айтқан.
Әндіжандық бір имамның сөзіне қарағанда, жиналыста президент “қара тізім” туралы мәселені өзі көтерген.
Бұған қоса, Мирзиёев республиканың әрбір ауданында он адамнан тұратын арнайы топ жасақтауын тапсырды. Олар “қара тізімдегі” мұсылмандардың істерін қайта қараумен айналысады.
“Мұндай топтарға ІІМ, ҰҚК, Бас прокуратура, әкімшілік, махалла, мешіт және басқа да органдардың өкілдері кіреді. Олар “қара тізімдегілермен” сөйлесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді”, – деді имамдардың бірі.